Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Ауа райы жəне климат. Климаттың ғаламдық өзгерістері



Pdf көрінісі
бет149/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

5.6. Ауа райы жəне климат. Климаттың ғаламдық өзгерістері
Ауа райы – дегеніміз атмосфераның төменгі бөлігінің белгілі 
бір уақыт аралығындағы (тəулік, апта, ай) жағдайын сипаттайтын 
ұғым болып табылады. Ауа райы нақты мағынасында алғанда адам 
өміріне əсер ететін аса маңызды метеорологиялық жағдай мен ат-
мосфера құбылыстарының жиынтығынан құралады.
Ауа райының ең басты элементтеріне атмосфералық 
қысым, температура жəне ауа ылғалдылығы жатады. Ауа райы 
құбылыстарына жел, бұлттар, атмосфералық жауын-шашын (жаң-
быр, қар, бұршақ, шық, қырау) түрлері жатады. Кейде бұл құбылыстар 
апаттық сипат алып, дауыл, нөсер жаңбыр, құрғақшылыққа ұласуы 
мүмкін. Осы құбылыстардың барлығы дерлік тропосфера қабатында 
қалыптасып, жүзеге асады.
Ауа райының барлық элементтері мен құбылыстары бір-бірімен 
тығыз байланысты, олардың біреуінің өзгерісі міндетті түрде 
екіншісінің өзгерісіне, тұтастай алғанда ауа райының өзгерісіне 
ұласады.
Ауа райына тұрақты бақылау жасау арқылы тəуліктік ауа 
райының кешенді түрлерін анықтауға мұмкіндік берді. Олар аязды 
ара райы, 0
 
градус арқылы өтпелі ауа райы, аязсыз ауа райы деп 
бөлінеді.


211
Ауа райы үнемі өзгеріп тұратындықтан, ауа райы өзгерісі 
мерзімді жəне мерзімсіз сипат алады. Мерзімді өзгерістер күн 
сəулесінің тəуліктік жəне маусымдық түсу сипатына, ал мерзімсіз 
өзгерістер ауа массаларының циркуляциясына тəуелді болып келеді.
Ауа райының жылдам өзгерістері экватор маңында айқын 
байқалады. Таңертең күн сəулесі жер бетін жылдам қыздырады, сол 
себепті булану көрсеткіші жоғарылайды. Жоғары көтерілген ыстық 
əрі ылғалды өрлеген ауа ағыны будақ бұлттарды түзіп, олар найзағай 
ойнаған нөсер жаңбырлар алып келеді. Түстен кейін күн қайтадан 
ашылып, ашық ыстық ауа райы орнайды.
Қоңыржай белдеулерде ауа райының өзгерісі күн сəулесінің 
маусым бойынша түсу мөлшеріне, ауа массаларының қозғалысына, 
атмосфералық фронттардың өту жиілігіне байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет