212
Егер күндіз
биік будақты бұлттар қоюланып, найзағай ойна-
са, одан кейін күн салқындамаса түнде қайтадан найзағай ойнауы
мүмкін. Егер түнгі найзағай алдында тұман түспесе, шық та түспейді.
Егер күндіз аспан бұлыңғыр болып, кешкі күн шапағы бұлттар
арасынан сыналап қана көрінетін болса, онда түнде жаңбыр жауады.
Сонымен қатар түнге қарай жел күшейетін болса,
ондай жағдайда
ертеңгі ауа райы да тұрақсыз болады.
Циклондық ауа райы кездерінде, ашық күндері суық күзде жəне
қар ерігеннен кейінгі ерте көктемде үсік жүрген жағдайда жердің
бетін қырау жабады. Қырау түсуі үшін түн тымық, ауа температу-
расы 0
0
С төмен болуы қажет. Күн шығысымен қырау тез арада еріп
кетеді.
Жергілікті жер ауа райының
антициклондық сипатына тəн бас-
ты белгілер – ауа райының біршама тұрақты сипатының сақталуы. Ең
алдымен циклондық ауа райы кезінде сақталған бұлттылық азаяды.
Аспан кеңістігі бұлттан босап, күн ашылады. Жел күшейіп, бағытын
тез өзгертіп бұлттарды ығыстырады. Күн салқындап, кешкі күн
шапағы алқызыл ашық түске боялады. Антициклондық жағдайдағы
ауа райы
қыста ашық, аязды, ал жаз кезінде ашық, ыстық сипат ала-
ды.
Ауа райының өзгерістерін зерттеумен айналысатын ғылым сала-
сы –
метеорология деп аталады. Метеорологияның ауа райын ал-
дын ала болжау жұмыстарын жүргізетін саласын –
синоптикалық
Достарыңызбен бөлісу: