Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет148/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

–Cs
Ақшыл шымылдық 
түсті нəзік бұлттар
Ə тобы. 
Орта 
қабаттағы 
бұлттар, 2 км 
биіктіктен 
жоғары
ІV. Биік будақты бұлттар – 
Ac
Ақ жəне сұр түсті 
қабаттар мен 
тізбектерден тұратын 
бұлттар жиынтығы
V. Биік қабатты бұлттар – As Сұр жəне сүт түстес 
бұлттардың тегіс 
қабаты
нан құралады
Б тобы. 
Төменгі қабат 
бұлттары, 2 км 
биіктікке дейін
VІ. Қабатты-жауынды 
бұлттар – Ns
Біртұтас сұр түсті, 
белгілі пішіні жоқ 
бұлттар тізбегі
VІІ. Қабатты-будақты 
бұлттар – Nc
Жарық өткізбейтін 
сұр түсті бұлттар 
қабаттары мен 
тізбектері
VІІІ. Қабатты бұлттар – St
Жарық өткізбейтін 
сұр түсті бұлттар 
қабаттары
В тобы.
Тік бағытта 
түзі
летін бұлттар 
жиынтығы, тө
менгі қабаттан 
ең жоғарғы қа
батқа дейін
ІХ. Будақ бұлттар – Cu
Ашық ақ түсті бұлттар 
жиынтығынан тұрады, 
жел əсерінен тұтастығы 
жиі бұзылады
Х. Будақты-жауынды 
бұлттар – Cb
Қою қорғасын түсті 
будақ бұлттардың 
қалың қабат
тарынан құралады


209
а 
ə 
110-сурет. Бұлттардың түрлері: а - будақ бұлттар, ə - шарбы-будақ 
бұлттар
Жауын-шашынның мол түсуіне ықпал жасайтын будақты-
жауынды бұлттар, олар əдетте, жаз кезінде 4-5 км биіктікте түзіледі. 
Бұл бұлттардың жоғарғы шекарасы стратосфера қабатына дейін жет-
кен кезде, бұлттар қоюланып, дауыл тұрып, күн күркіреп, найзағай 
ойнап, соңы нөсер жаңбырға ұласады.
Найзағай – күн күркіреуі кезінде болатын электрлі құбылыс. Ол 
бұлттар құрамындағы су молекуларының өзара үйкелуі нəтижесінде 
пайда болады. Бұлттар ішіндегі ауаның жылдам қозғалысы үйкеліс 
күшінің ықпалын күшейтіп, электр өрісінінің қуаты артады. Қуат 
күші шырқау шегіне жеткен кезде, күн күркіреп, найзағай ойнайды 
(111-сурет).
111-сурет. Нөсер жаңбыр кезіндегі найзағай 
Найзағай жарқылы кезіндегі сəуле жарық жылдамдығымен 
қозғалады. Найзағайдың алыс немесе жақын екендігін анықтау үшін, 
оның жарқылы мен дауысының аралығындағы уақытты есептеу 


210
қажет. Найзағай жарқылы бір километр қашықтықты үш секундта 
жүріп өтеді. Егер күн күркіреуі найзағай жарқылынан тоғыз секунд-
тан кейін естілетін болса, найзағай (жасын) үш километр жерге түсуі 
мүмкін.
Бұлттар түзілуінің жоғарғы шекарасы поляр аймақтарында 3-8 
км, қоңыржай ендіктерде 5-13 км, тропиктік ендіктерде 6-18 км-ге 
дейін жетеді. Тропосфера шегінде қалыптасатын жоғарыда аталған 
бұлттардан басқа, 20-30 км, тіпті 70-80 км биіктіктерде түзілетін 
маржан жəне күміс түсті бұлттар да кездеседі. 
Маржан тəріздес бұлттар өте сирек, Солтүстік Еуропа мен Аляска 
жерінде Күн көкжиектен сəл ғана көтерілген сəтте ғана байқалады. 
Күміс түстес бұлттар өте жұқа, тіпті, олар арқылы жұлдыздарды 
да көруге болады. Олар мезосфераның төменгі бөлігінде 70-90 км 
биіктікте 50-250 м/с жылдамдықпен қозғалады. Олардың түзілуіне 
жанартаулық жəне ғарыштық тозаңдар ықпал етуі мүмкін деп бол-
жанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет