225
4. Атмосфера үшін оның қандай қабатының мəні зор, не себепті?
5. Тропосфера қабатының қалыңдығы ендіктер бойынша қалай
өзгереді?
6. «Жылыжай эффекті» дегеніміз не, оның қалыптасуына қандай
газдар ықпал жасайды?
7. Күн сəулесі не себепті Жер бетіне біркелкі түспейді?
8. Күн радиациясының қандай түрлері бар?
9. Альбедо дегеніміз не?
10. Тропосферадағы ауа қалай жылынады?
11. Орташа тəуліктік, орташа жылдық температураларды қалай
анықтауға болады?
12. Тəуліктік, жылдық амплитуда дегеніміз не?
13. Бірдей температураларды қосатын сызық қалай аталады?
14.
Жылу белдеулері дегеніміз не, неше жылу белдеуі бар?
15. Атмосфералық циркуляция дегеніміз не, оған не жатады?
16. Əрбір жарты шарға тəн ауа массаларының типтері қандай?
17. Атмосфералық фронт дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
18. Атмосфералық қысым дегеніміз не?
19. Не себепті адамдар ауаның қысым түсіретін сезінбейді?
20. Жер шарында неше атмосфералық қысым белдеуі бар?
21. Жоғары қысым белдеулері қайда орналасқан?
22. Төменгі қысым белдеулері қайда орналасқан?
23. Пассат дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
24. Муссондық циркуляция дегеніміз не, муссонның түрлерін
атаңдар.
25.
Антициклон дегеніміз не, оның басты қасиеттері қандай?
26. Солтүстік жарты шардағы антициклондық орталықтарды
атаңдар.
27. Циклон дегеніміз не, оның басты қасиеттері қандай? Ол
қалай қалыптасады.
28. Солтүстік жарты шардағы циклондық орталықтарды атаңдар.
29. Тропиктік циклондар дегеніміз не, олардың басты қалыптасу
аудандары қайда орналасқан, қандай түрлері бар?
30.
Атмосфералық қысым, қысым белдеулері мен басты желдер
арасындағы қандай байланыс бар?
31. Жергілікті желдер дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
32. Атмосфера құрамындағы ылғал қалай пайда болады?
33. Қандай ауа ылғалға қаныққан деп аталады?
34. Конденцация шегі дегеніміз не?
226
35. Қандай ауа ылғалға қанықпаған деп аталады?
36. Шық нүктесі дегеніміз не?
37. Атмосфералық
құбылыстар
дегеніміз
не,
ерекше
құбылыстарды атаңдар?
38. Атмосфералық жауын-шашын түрлерін атаңдар?
39. Жер шары бойынша жауын-шашынның
таралуына қандай
жағдайлар əсер етеді?
40. Ауа райы дегеніміз не, ауа райының қандай түрлері болуы
мүмкін?
41.
Климат дегеніміз не, оның қандай типтері бар?
42. Климатты аудандастырумен айналысқан қандай ғалымдарды
білесіңдер?
43. Б. П. Алисов бойынша неше климаттық белдеу ажыратыла-
ды?
44. Өтпелі климат дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
45. Негізгі климаттық белдеуге тəн басты белгі қандай, түрлерін
атаңдар?
46. Қоңыржай белдеу бойынша қандай климат типтері ажыра-
тылады?
47. Жерортатеңіздік климат типі қандай белдеуге тəн, оның
қандай басты белгілері бар?
48. Климаттың ғаламдық өзгерістері дегеніміз не, оған қандай
жағдайлар əсер етуі мүмкін?
49. Климат өзгерістерін зерттеумен қандай ғылым айналысады?
50. Климаттық жағдай адамның шаруашылық əрекетіне қандай
əсерін тигізеді?