218
ты шардың поляр маңы аудандарын алып жатыр. Мұнда жылдық
радиациялық баланс 630·10
2
Дж/см
2
924·10
2
Дж/см
2
дейін өзгереді.
Жазда қоңыржай, қыста арктикалық жəне антарктикалық ауа масса-
лары басым болады. Жазы салыстырмалы түрде жылы, бірақ қысқа,
ал қыс өте қатал сипат алады. Жылдық температуралық амплитуда
аса үлкен емес. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ден аз,
көбінесе, қатты күйде түседі.
Арктикалық жəне
антарктикалық белдеулер екі жарты
шардың полюс маңын алып жатыр.
Бұл белдеулерде радиациялық
баланс 294·10
2
Дж/см
2
шамасында болады. Альбедоның жоғары бо-
луымен байланысты радиацияның кері шағылуы күшті, сондықтан
поляр жазының өзінде радиациялық баланс төмен болады.
Антициклондық режим жағдайында жауын-шашын аз,
соған қарамастан оның мөлшері жылудың жетіспеуі əсерінен
буланушылықтан жоғары болады. Полярлық
белдеулердің ішінде
əсіресе, оңтүстік жарты шарда мұз құрсанған үлкен құрлық –
Антарктиданың орналасуы антициклондық жағдайды күшейтеді.
Сондықтан да Шығыс Антарктидада
Жер шарының суықтық
полюсі орналасқан, мұндағы абсолюттік минимум температура
–89,2
0
С. Жыл бойы орташа температура көрсеткіштері теріс мəнге
ие. Жылдық жауын-шашын 100 мм-ден аз болады.
Климаттың өзгеруі. Климаттың Жердің геологиялық тарихын-
да күшті өзгерістерге ұшырап келгеніне дəлел болатын түрлі тарихи-
географиялық мəліметтер көптеп кездеседі. Климат өзгерістерін Жер
шарының көптеген аудандарынан қазіргі кезде де байқауға болады.
Cоңғы
жылдары
жүргізілген
зерттеулер
нəтижесінде
«
жылыжайлық эффекттің» қарқын алуында көмірқышқыл газына
қарағанда,
метан 30 есе артық белсенділік танытатыны анықталып
отыр. Метан концентрациясының артуы тоңды батпақ қабаттарының
еруімен, мұхит табанындағы метангидраттың көтерілуімен жəне
мал шаруашылығының жедел дамуымен түсіндіріледі.
Климаттың ғаламдық өзгерістеріне
стратосфералық озон
қабатының жұқаруы да (əсіресе, Арктика мен Антарктика үстінде)
өзіндік ықпалын тигізетіндігін ғалымдар теріске шығармайды.
Климат өзгерістері Жер шары бойынша жылдық орташа
температураның жоғарылауынан (0,5-1
0
), «жылыжайлық эффекттің»
белең алуынан, кейбір аудандарда жауын-шашын мөлшерінің күрт
артуынан немесе керісінше күрт азаюынан, соның əсерінен жаппай
шөлейттену үрдісінің белең алуынан, кейбір мұхит ағыстарының
бағыты мен қасиетінің өзгеруінен айқын көрінеді.(
115-сурет).