Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет185/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Үлкен Тосқауыл Рифі. Маржан теңізінің батысында, 10° жəне 
24° о.е. аралығында орналасқан қайталанбас құрылым болып та-
былады.
Үлкен Тосқауыл Рифінің жалпы ұзындығы 2500 км-ден астам, 
ені 100 км шамасында, жалпы ауданы 200 мың км
2
, маржан 
құрылымдарының қалыңдығы 1000-1200 метр, көлемі 16 мың км
3

Мөлшері жағынан Орал тауымен бірдей ауданды алады. 
Үлкен Тосқауыл Рифі көптеген ұсақ рифтер мен аралдарды 
санамағанның өзінде 600-ден аса аралдар мен атоллдардан тұрады. 
Рифтің негізін маржан полиптері мен басқа жəндіктердің тіршілік 
əрекетінің нəтижесінде қалыптасқан маржандық əктас құрайды. 
Бұл қалың қабат осы аймақта жер қыртысының біртіндеп майы-
сып, төмен түсуінің нəтижесінде түзілген. 
Риф ірілі-ұсақты маржандық жəне құмды аралдардың
рифтердің, қайраңдар мен таяз сулы шығанақтардың, бұғаздардың 
күрделі жиынтығынан тұрады. Рифтегі аралдар онша биік емес, құм 
мен маржан сынықтарынан құралған. Аралдарда басым түрде пан-
данус, казуарин, қарағай, пальма ағаштары өседі. 
Көптеген аралдарда əртүрлі теңіз құстарының ұялары 
шоғырланған. Жағалаудағы құмдарда теңіз тасбақалары жұмыртқа 
салады. Осында мекендейтін «тікенекті тəж» деп аталатын аса 
ірі теңіз жұлдызы тойымсыз жыртқыш болып есептеледі. Ересегі 
көлденеңінен 60 см жетеді, 15-17 тармақтан тұрады. Теңіз жұлдызы 
минутына 30 см жылдамдықпен қозғалып, күніне 180 сантиметрлік 
маржанды жеп қояды. 
Үлкен Рифтің əктасты қабаттарынан мұнай мен газ табылған. 
Кейбір аралдарда құрамында фосфор болатын гуано шөгінділері 
кездеседі, жағалаудағы құмдарда ауыр металдардың кен орын-
дары бар. Рифтер орналасқан ауданда судың аса терең жəне таяз 
бөліктерінің қатар кездесуі кеме қатынасын қиындатады. Рифтер 
мен қайраңдардың пішіндері ұдайы өзгеріп отырады.
Маржан рифтері сыртқы əсерге өте сезімтал экожүйе болып та-
былады. Ластану, судың тұщылануы немесе бақалшақтарды аулау 
нəтижесінде экологиялық тепе-теңдік бұзылған жағдайда орасан үлкен 
кеңістіктерде маржан полиптерінің жаппай қырылуы байқалған. 


262
Сондықтан табиғаттың осынау қайталанбас əсем көрінісін сақтап 
қалу мəселесі туындап отыр. Рифтің кейбір бөліктері қорықтар 
ретінде жарияланса, қалған бөліктерінде рекреациялық зоналар 
ұйымдастырылған. 
1981 жылы Үлкен Тосқауыл Рифі Əлемдік мұралар тізіміне 
енгізіліп, ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет