Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет207/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

ты бактериялар жəне оттегі түзуші фотосинтездеуші цианоби-
онттар патшалығы табылды.
Бактериялар жəне цианобионттар негізінен органикалық (хемосо-
филл) жəне минералды жинақталу (фосфориттер, темір кварциттері, 
əктасты строматолиттер, онколиттер жəне т.б.) түріндегі тіршілік 
əрекеті өнімдерінен тұрады.
Протерозойда 
тіршілік 
əртүрлілігі 
жоғарылады. 
Палеонтологиялық мəліметтер бойынша протерозойда анаэробты 
бактериялар жəне алғашқы эукариоттардің үш патшалығы пайда 
болды. Олар: хемофоссилия түріндегі саңырауқұлақ, өсімдік жəне 
жануар. Жануарлар өсімдіктерден кейін пайда болды. Ең алғашқы 
бір клеткалы жануарлар 1,0 млрд жыл бұрын, көп клеткалылар 0,7 
млрд жыл бұрын тіршілік еткені белгілі болған.
Орта протерозой флорасының ең белгілісі (жіп тəрізді формалар 
бірнеше жүздеген микрометрге дейін жəне қалыңдығы 0,6-16 мкм, 
құрылысы əртүрлі) бір клеткалы организмдер (диаметрі 1-16 мкм), 
олардың қалдықтары Жоғары көлдің (Канада) солтүстік жағалауында 
кремнийлі тақтатастар құрамынан табылған. 
Бұл шөгінділердің жасы 1,9 млрд жыл шамасында. Екі жəне бір 
млрд жыл бұрын пайда болған шөгінділерде строматолиттер жиі 


292
кездеседі. Бұл осы кезеңде көк-жасыл балдырлардың кең таралғанын 
жəне белсенді фотосинтездеуші жəне риф түзуші əрекеті болғанын 
көрсетеді.
Тіршілік эволюциясындағы табылған жаңалық қатарына жасы 
0,9-1,3 млрд болатын шөгінділерден табылған қазынды қалдықтар 
жатады. Олардың арасында мөлшері 8-12 мкм болатын бір клеткалы 
организмдер іздері жақсы сақталған. Жоғарыда айтылғандай орга-
низмдер эволюциясы 1,6-1,35 млрд жыл бұрын эукариот деңгейіне 
жеткен маңызды кезең болған. 
Венд кезеңінде (650-570 млн жыл бұрын) əртүрлі типке жататын 
жануарлар пайда болды. Соңғы протерозой фаунасы қазбаларын 1947 
жылы Орталық Аустралиядан Р. Сприг тапқан. Бұл кезеңнің фауна-
сын зерттеуші М. Плесскер шамамен көп клеткалы жануарлардың 
ондаған түрі бар деп есептейді. Көпшілік түрлері ішекқуыстылар
медуза тəрізді организмдер болып саналады. 
Кварциттер құрамынан ішекқуыстылардан басқа, құрт тəрізділер 
қалдықтары табылған. Венд тіршілік түрі соның ішінде микрофос-
силия Шығыс Сібір аумағында таралған. Жоғарыда айтылғандай 
венд кезеңінде көп клеткалы былқылдақ денелі фауна өкілдері ба-
сым болғаны анық. 
Венд кезеңіне прокариоттар мен эукариоттар да тəн. Жердегі 
алғашқы өсімдік венд мүгі болуы мүмкін. Кембрийге дейінгі кезең 
стратиграфиялық қабаттарында ұсақ дөңгелек денелер кездеседі
оларды кейіннен спора деп қабылдады. Олар сфероморфид де-
ген атпен белгілі. Бұл құрылымдар ерте кембрийге дейінгі кезең 
шөгінділерінде кездеседі, олар əсіресе, кембрийге дейінгі кезең 
соңында ерекше көп болған.
А. И. Опарин тіршіліктің шығуы туралы тұжырымдамасында 
тіршіліктің бірыңғай табиғи процесс, химиялық эволюция-
дан біртіндеп биохимиялық эволюцияға ауысқан құбылыс деп 
қарастырған. Оның пікірінше бұл процесс жердің геологиялық эво-
люциясымен тығыз байланыста жүрген.
В. И. Вернадскийдің пікірі бойынша тіршілік бірден қарапайым 
биосфералық қосылыстар түрінде пайда болып, біртіндеп тірі зат – 
барлық тірі организмдердің жиынтығына айналған.
Жердегі тіршілік Жер ғаламшарының дамуымен қатар жүріп, 
дамып, өзгеріп отырған.


293


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет