7.2. Биосфераның құрылысы мен құрамы
Биосфера – жердің тіршілік қалыптасқан қабығы. Биосфера
туралы бастамалар діни-философиялық дүниетанымдарда көрініс
берген. Əлемнің дамуы туралы пікірлер Г. Галилей, неміс философы
И. Кант, нидерланд географы Б. Варениус еңбектерінде айтылған.
Тірі организмдердің тіршілік ортасын 1875 жылы Австрия геоло-
гы Э. Зюсс (1831-1914 ж.) биосфера деп атады. Биосфераны ғылыми
бағытта зерттеу ХХ ғасырдың алғашқы жартысында басталды. XVIIІ
ғасырда І Петр кезеңінде Ресей ғылымы Батыс Еуропа ықпалымен
дамыды. Ресейлік ғалымдардың шетелде тəжірибе алмасуы Ресейде
жаратылыстану ғылымдарының дамуына мүмкіндік жасады.
Биосфера туралы ілімнің қалыптасуына ұлы орыс ойшылда-
ры Л. Н. Толстой, Ф. М. Достоевский де өз əдеби шығармалары
арқылы үлесін қосқан. Атақты ғалымдар К. Э. Циолковский, А.
Л. Чижевский, В. И. Вернадский, Д. И. Менделеев 1915 жылдың
өзінде ғарыш əлемі мен жер биосферасы жеке, алайда, бір-бірімен
байланысты екендігін атап көрсеткен.
1902 жылы Д. Н. Анучин атмосфера, гидросфера, литосфера,
педосфера, биосфера, антропосфера əртүрлі ғарыштық күштердің
əрекетінің нəтижесіде пайда болды деген ой айтқан.
Г. И. Броунов өзінің «Курсы физической географии» (1917)
кітабында төрт сфераның өзара əрекеті нəтижесінде Жер
ғаламшарының жеке дара қабығы қалыптасқан деп жазған.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында В. И. Вернадский өзінің
көптеген еңбектерінде бұл мəселені шешіп, биосфера ілімінің негізін
жасады. Тірі заттарды биосферадан бөліп алу мүмкін емес. Шөгінді
жыныстар жəне оның метаморфтық туындылары, табиғи су жəне ат-
мосфера газдары тірі заттар негізінде құрылған. Биосфера ғаламдық
ғарыштық сипаттағы құбылыс. Қазіргі кезде алғашқы биосфера
адам əрекеті əсерінен өзгерген. Оның сапалы дамуы биотехносфера
кезеңіне сəйкес келеді.
Биосфераны қайта қалыптастыруда адам əрекеті нақты рөлге ие
бола бастағанда В. И. Вернадскийдің пікірі бойынша, биосфера –
Достарыңызбен бөлісу: |