318
Ландшафтың антропогендік өзгерістері адамның белгілі бір
жерде өсімдік құрамын өзгертуі, қолдан суару, беткейлерді көлденең
террасалар арқылы тегістеу, карьер қазу, су бөгендері мен тоғандар
жасау сияқты онша залалсыз əрекеттерінен де жүреді.
Өйткені бұл жағдайда ландшафттың
тек сыртқы пішіні ғана
емес, жыл мезгілдеріне сəйкес табиғи процестердің ырғақтылығы,
минералдық жəне органикалық заттардың айналымы да өзгеруі
мүмкін.
Ұзақ уақыт жерді өңдеу нəтижесінде топырақта түрлі
қалдық
заттардан құралған (артық тыңайтқыш, пестицидтер жəне т.б.) қабат
түзілуі мүмкін. Антропогендік ландшафт пайдаланылу ерекшелігіне
қарай
мəдени ландшафт пен
күтімсіз қалған ландшафт түрлеріне
ажыратылады.
Ландшафт түрлері тиімсіз пайдаланылып,
кейіннен ұзақ уақыт
бойы күтімсіз қалған жағдайда жыртылған тау беткейлері
эрозиялық
бедлендке,
шөлейттер мен шөлді аудандар малды есепсіз жаю
нəтижесінде
жылжымалы құмдарға,
суармалы жерлер
батпақтар
мен
сортаңдарға, ылғалды тропиктік ормандар жаппай кесу əсерінен
Достарыңызбен бөлісу: