14
Одан кейін Француз королі
Людовик пен Рим Папасының
тапсырмасы бойынша
Вильгельм Рубрукте 1252-1256
жылдар
аралығында Моңғолияға саяхатқа аттанды. Оның саяхаты Палести-
на, Қара теңіз, Қырым даласы, Солтүстік Азов (Азау) жағалауы, Орта
Азия жері, Жоңғар қақпасы арқылы Қарақорымға дейін жалғасты.
Рубрук қайтар жолында Волганың (Еділ) атырауынан Каспийдің
солтүстік жағалауын бойлай, Армения жəне Палестина жерін басып
өтті. Рубруктың жүріп өткен жолы
Карпини саяхатына қарағанда,
маңызды əрі мазмұнды болды.
Плано Карпини мен Вильгельм Рубруктың саяхаттары бары-
сында Қазақстан жері туралы да
құнды географиялық деректер
жинақталды.
Осы мақсаттағы шаралар аясында ХІІІ ғасырда венециялық са-
яхатшы
Марко Поло Азияға бірінші саяхатын 1262 жылы бастады.
Екінші саяхатқа 1271 жылы шығып, ол 17 жылға созылды. Осы са-
яхат барысында Марко Поло Солтүстік Моңғолия, Оңтүстік Қытай,
Шығыс Тибет жерлерін аралады. 1295 жылы Марко Поло Еуропаға
оралды. Оның еңбектерінің нəтижесімен география ғылымы Па-
мир
табиғаты, Үндістан мен Қытай жері туралы жаңалықтармен
толықты.
Ортағасырлық зерттеулердің екінші жартысында көптеген тари-
хи өзгерістер жүзеге асты. Аса ірі феодалдық монархиялардың негізі
қалана бастады.
Ондай мемлекеттерге Англия, Франция, Испания,
Киев Русі сияқты елдер жатады. Оларда өнеркəсіп орындары пай-
да болып, өндіргіш күштердің саны артты. Сауда байланыстары тез
қарқынмен дамыды. Сауда-керуен жолдарының бойында ірі қалалар
салына бастады.
Осы кезеңдерде карта жасау ісі жақсы жолға қойылып, Жерор-
та теңізі жағалауы нақтыланып, Атлант жəне Үнді мұхиттарының
кейбір бөліктері айқындалды.
Жалпы алғанда, ортағасырлық кезең география үшін маңызды
жаңалықтар ашпағанымен, антик кезеңіндегі қағидаларды сақтап,
олардың Ұлы географиялық ашылулар үшін алғышарт болуына
жағдай жасады.
Достарыңызбен бөлісу: