Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет12/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

М. Бехаймның глобусында (1492 ж.) жəне италия космографы 
П. Тосканеллидің картасында (ХV ғасырдың екінші жартысы) 
Еуропаның батыс жағалауы мен Азияның шығыс жағалауы арасын-
да ешқандай құрлық жоқ, мұхиттың ені кішірейтіліп көрсетілген.
Христофор Колумбтың осы пікірге негізделіп ұйымдастырылған 
экспедициясы 1492 жылы Америка дүние бөлігін ашты. Оның 4 
саяхатының (1492-1504 ж.) нəтижесінде Орталық Америкадағы 
Багам, Үлкен Антиль жəне Кіші Антиль аралдары, Оңтүстік 
Американың солтүстік жағалауы ашылды.
1497-1499 жылдары португал теңізшісі Васко да Гама Афри-
каны оңтүстігінен айналып өтіп, Үндістанға апаратын теңіз жолын 


16
ашты (экспедицияны Африка жағалауынан əрі қарай араб лоцманы 
Ахмет-ибн-Мəжит бастап барды).
1497 жылы ағылшын теңізшісі Джон Каботт Үндістан мен 
Қытайға апаратын Солтүстік теңіз жолын іздеу кезінде Нью-
Фаундленд аралдарына жəне Лабрадорға жүзіп барып, Солтүстік 
Американы ашуды бастады.
Х. Колумбтан кейін испан жəне португал теңіз саяхатшыла-
ры, Америго Веспуччи бастаған зерттеушілер Оңтүстік Америка 
материгінің жағалауларына бірнеше рет жүзіп барып, оны жаңа 
дүние ретінде сипаттап жазды. Бұдан əрі испан конкистадорлары 
(Э. КортесХ. Писарро) Солтүстік жəне Оңтүстік Американың ішкі 
аудандарын жаулау кезінде бірқатар жаңа жерлерді ашты. 
1503 жылы В. Нуньес де Бальбоа Панама мойнағы арқылы 
Тынық мұхит жағалауына шықты. Бальбоаның жаңалығы Атлант 
мұхитынан «Жаңа Дүниені» айналып, «Оңтүстік теңізге» (мойнақтан 
қарағанда оңтүстікте көрінетіндіктен саяхатшылар солай деп атаған) 
асатын жолды іздеу туралы ой тудырды. 
Фернан Магеллан басқарған испан экспедициясы бұл идеяны 
жүзеге асырды. Магеллан жəне оның серіктері Атлант мұхитынан 
жол тауып, Тынық мұхитқа өтіп, одан əрі дүниежүзін (1519-1522 ж.) 
айналып шықты 
ХVІ ғасырдың ортасында Ұлы географиялық ашылулар 
заманының бірінші кезеңі аяқталды.
ХVІ ғасырдың екінші жартысынан ХVІІ ғасырдың екінші жарты-
сына дейін созылған екінші кезеңнің басында Шығыс Азия елдеріне 
Еуразияның жəне Солтүстік Американың солтүстік жағалауын айна-
лып жүретін теңіз жолын (Солтүстік-шығыс жəне Солтүстік-батыс 
жолдарын) іздеуге байланысты географиялық ашылулар жасалды. 
Еуропадан Үндістан мен Қытайға баратын Оңтүстік теңіз жолда-
ры Испания мен Португалияның қолында қалғандықтан жаңадан 
өркендеп келе жатқан Англия мен Голландия теңіз жолын басқа 
жақтан, солтүстіктен іздеуге мəжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет