Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет131/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Панкхерс Гренландияның оңтүстік-батысындағы алғашқы шөгінді 
жыныстарға қарап, Жерде мұхит 3,8 млрд жыл бұрын пайда болған, 
мұхиттағы тіршілік 4,2-3,8 млрд жыл бұрын басталған деп болжай-
ды. 
Бірақ бұл туралы нақты мəліметтер жоқ. Алайда, ежелгі пай-
далы қазбалардың құрамында абсолюттік жасы 3,5 млрд жыл-
дан асатын бактериялар кездеседі. Бұл бактериялар сол кезеңде 
олардың органикалық заттар синтездеуі үшін Күн энергиясын пай-
даланып, метоболизм əрекетінің жүзеге асуына қажетті жағдайдың 
болғандығын болжауға мүмкіндік береді.
Екінші реттік атмосфера су буынан, CO
2
жəне басқа да газдар 
фракцияларынан (H
2
S, CO, H
2
, CH
4
, NH
3
HF, HCl, Ar) тұруы мүмкін 
(90-сурет).
90-сурет. Екінші реттік Жер атмосферасының құрамы
Фотосинтез процесі кезінде оттегінің бөлінуі өте маңызды 
оқиға болды. Бастапқыда оттегі минералдар мен заттардың тотығу 
процесіне жұмсалды. Тұтыну жылдамдығы артқан кезде О
2
біртіндеп 
атмосферада жинақтала бастады, соның нəтижесінде атмосфераның 
қазіргі құрамы қалыптасты. Стратосферада оттегі фотохимиялық 
реакцияға түсіп, оның негізінде озон (О
3
) қалыптасты. 
Озон қабаты жердегі тіршілікті қауіпті ультракүлгін сəулелерден 


184
қорғап, ұстап қалады. Атмосферадағы азоттың үлесі біртіндеп өсіп, 
көмірқышқыл газының мөлшері өсімдік əлемі эволюциясы жəне ги-
дросферада су қоймалары көлемінің артуына байланысты біртіндеп 
азайып, атмосфера қазіргі жағдайға жақындады (91-сурет).
91-сурет. Қазіргі Жер атмосферасының құрамы
Атмосфера құрамындағы газдардың өзгерісі əр кезеңде климат-
тық жағдайға тікелей əсер етеді. Жердің геологиялық тарихында 
мұндай жағдай бірнеше рет қайталанды. 
Климат өзгерістерін Жер шарының көптеген аудандарынан 
қазіргі кезде де байқауға болады. Оған климат қалыптастырушы 
факторлар өзгерісі – Күннің қарқынды сəуле шашуы (11-жылдық, 
22-жылдық – геомагниттік, ғасырлық), геомагниттік өріс əсерінің 
күшеюі, атмосфераның жалпы циркуляциясындағы түрлі өзгерістер, 
соңғы ғасырлардағы адам əрекетінің ерекше қарқын алуы жəне т.б. 
жағдайлар себепші болуда.
Қазіргі кезде климаттың апатты құбылыстарын болжау жəне 
олардың алдын алу бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары 
кеңінен жүргізілуде.
Қорыта келгенде, жоғарыда аталған биогеохимиялық проце-
стер атмосферада тек аз ғана температуралық өзгерістер диа-
пазонында жүзеге асты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет