186
92-сурет. Атмосфера құрылысы
Бұл қабатта атмосфера құрамындағы су буының барлығы дерлік
шоғырланған, мұнда бұлттар мен тұмандар пайда болып, ауа райы
қалыптасады. Тропосферада ауа температурасы шамамен əр 100 м
сайын 0,6
0
С төмендейді. Тропосфераның жоғарғы бөлігінің орташа
жылдық температурасы солтүстік полюсте 55
0
С болса, экваторда
бұл көрсеткіш 70
0
С жетеді.
Тропосфера
тропопауза деп
аталатын өтпелі жұқа қабат
(қалыңдығы 1-2 км) арқылы атмосфераның келесі қабаты –
стратосфераға ауысады. Стратосфера
шамамен 50-55 км биіктікке
дейін созылып жатыр. Ауа құрамындағы
озонның күн радиациясын
бойына сіңіруіне байланысты бұл қабатта температура биіктікке
қарай биіктеген сайын артады.
Шамамен, 25 км биіктіктен соң ауа температурасы күрт
жоғарылай бастап, 50 км биіктікте максимум шамасына (1
0
С) жетеді.
Стратосферада су буы жоқтың қасы. Шамамен, 15-70 км биіктікте
оттегінің біраз бөлігі ультракүлгін сəулелер əсерінен
атомдарға
ыдырайды.
Бос атомдар құрылымын сақтап қалған оттегі молекулаларына
187
қосылып, озонның үш атомды молекулалары (О
3
) түзіледі. Стратос-
ферада бұл процеспен
қатар керісінше реакциялар, яғни озонның
қайтадан ыдырауы қоса жүреді (
93-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: