Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Қазақстан жерінің географиялық зерттеулері



Pdf көрінісі
бет14/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

1.4. Қазақстан жерінің географиялық зерттеулері
Қазақстанның кең-байтақ жері батыста Атырау алабынан 
шығыста Алтай тауларына дейiн, солтүстігінде Батыс Сiбiр 
жазығынан (Солтүстік Қазақ жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тау-
ына дейiн созылып жатыр. 
Сондықтан да ежелгі заманнан бері Еуропа мен Азия елдерi 
арасындағы қарым-қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк 
көштерi, т.б.) қазiргi Қазақстан аумағы арқылы өткен. Осыған байла-
нысты Қазақстанның кейбiр табиғи нысандары туралы жазба дерек-
тер өте ерте кезден белгiлi болған.
Геродот (б.з.б. V ғ.) Каспий теңізінiң шығысында шексiз жазық 
өңiр жатқандығын жəне оны массагеттердiң мекендейтiндiгiн 
баяндаған. Птолемей (б.з. ІІ ғ.) өз еңбектерiнде Жайық (Dаiх), Жем 
(Rhymmus) жəне Сырдария (Jаxаrtеs) өзендерi туралы мəлiметтер 
келтiрген. 
ІХ-Х ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама 
берiп, картаға түсiрдi жəне гректердiң Əмудария мен Сырдария 
өзендерi Каспий теңізіне құяды деген топшылауын терiске шығарып, 
Арал теңізіне құятынын анықтаған.
Арабтардың сол кездегi деректерiнде Жайық, Жем, Сағыз 
өзендерi аталған. ХІІІ ғасырларда Моңғолияға Италия саяхатшысы 
Плано Карпини жəне фламанд саяхатшысы Вильгельм Рубрук 
бастап барған елшiлер өздерi жүрген Қазақстан аумағындағы 
шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар 
өздерiнiң жеке бақылаулары негiзiнде Каспий теңізінiң тұйық алап 
екендiгi туралы маңызды географиялық мағлұматтарды жаңартып 
толықтырған жəне Алакөл, Балқаш көлдерi, Тарбағатай, Жетiсу 
Алатауы (Жоңғар) жайында алғашқы деректер келтiрген. 
XVI ғасырдан бастап Қазақстан туралы географиялық мəліметтер 
орыс мемлекетінің ресми орындарында жинақтала бастады. Ре-
сей мен Қазақстан арасында дипломатиялық, экономикалық 
байланыстардың орнауына байланысты патша үкіметі қазақ жері 
туралы деректерді арнайы жіберілген елшіліктер арқылы да, сауда-
герлер мен саяхатшылар арқылы да жинақтай бастады. 
Осылардың нəтижесінде Қазақстан табиғаты, халқы, мемлекеттік 
шекаралары жайында деректер толыға түсті. 
XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында «Жылнамалар 


19
жинағы» атты қазақ халқы мен оның жері туралы өте құнды кітап 
дүниеге келді. Онда қазақ хандығы құрылуы жайлы тарихымен қоса, 
Қазақстан қалалары, өзендері мен таулары, шекаралары жөнінде кең 
мəлімет беріледі.
XVII ғасырда Қазақстан аумағы С. Ремезов жасаған «Сібірдің 
сызба кітабы» атты картаға кірді.
XVIII ғасырда орыс патшасы I Петр Қазақстанмен қарым-
қатынасты күшейтуге ерекше көңіл бөлді. Қазақстан жерін 
Шығыс елдеріне шығатын «қақпа əрі кілт» санады. Оны Ресейге 
бағындырудың жоспарларын жасады. Осыған орай ол қазақ еліне 
əскери экспедициялар жасақтап, Каспий теңізі мен Сібірмен шека-
ралас өлкелерді зерттеуге тапсырма берді. 
1734 жылы Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. 1768 жылы 
екінші академиялық экспедиция жасақталды. Бұлардың жұмысына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет