Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


- Мексика шығанағы, 2 - Калифорния түбегі мен Мексика жағалауы



Pdf көрінісі
бет140/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

1 - Мексика шығанағы, 2 - Калифорния түбегі мен Мексика жағалауы, 
3 - Оңтүстік-Шығыс Азия жағалауы, 4 - Оңтүстік Азия жағалауы,
5 - Африканың оңтүстік-шығыс жағалауы, 6 - Индонезия аралдары 
мен Аустралияның солтүстік-батыс жағалауы, 7 - Аустралияның 
шығысы мен Мұхит аралдары аймағы
100-сурет. Тропиктік циклондардың қалыптасу аудандары
Тропиктік циклондар шығыстан батысқа қарай қозғалады
алайда Солтүстік жарты шарда солтүстік-батысқа, Оңтүстік жарты 
шарда солтүстік батысқа қарай бұрылыс жасайды. Олардағы желдің 
жылдамдығы 20-30 м/с, кей жағдайда 100 м/с дейін жетуі мүмкін. 
Бұл желдер əсерінен биік толқындар түзіліп, апатты жағдайлар ор-
науы мүмкін. 
Тропиктік циклондардың ең жиі байқалатын кезеңі жаздың аяғы 
мен күздің бас кезі. Бұл кезеңде мұхит беткі суының температура-
сы ең жоғары жылыну шегіне жетіп, оның үстінде төмен қысымды 
орталықтар қалыптасады. Бір жылда тропиктік циклондар 70 реттен 
аса қайталануы мүмкін. 
Солтүстік жəне Орталық Америка жағалауындағы тропиктік
циклондар – ураган, Шығыс Азияда – тайфун деп аталады.
Қысым белдеулері мен қысымдық орталықтардың түзілуі жəне 


198
ондағы қысым көрсеткіштерінің өзгеруі Күн сəулесінің əркелкі 
таралуы мен Жердің өз білігінен айналуымен тығыз байланысты. 
Сондықтан қысым белдеулері мен қысым орталықтары жаз кезінде 
солтүстікке, ал қыс кезінде оңтүстікке ығысып отырады. 
Күн сəулесі өте аз түсетін Арктика мен Антарктика аймақтарында 
жыл бойы қысым көрсеткіштері жоғары жағдайда сақталады. 
5.4. Атмосфера циркуляциясы, басым желдер
Қысым айырмашылығына байланысты атмосфера құрамындағы 
ауа үнемі қозғалыста болады. Олар температуралық көрсеткішіне, 
ылғалдану дəрежесіне, қалыптасу ауданына сəйкес біртектес ауа 
ағынына – ауа массаларына жіктеледі. Ауа массаларының ұзындығы 
бірнеше мыңдаған километрге созылады, ал биіктігі тропосфераның 
ең жоғарғы қабатына дейін жетеді. 
Қалыптасу орнына байланысты экватордан полюстерге дейінгі 
аралықта əрбір жарты шар үшін ауа массаларының: экваторлық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет