Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Атмосфералық қысым, қысым орталықтары



Pdf көрінісі
бет138/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

5.3. Атмосфералық қысым, қысым орталықтары
Атмосфералық қысым. Жерді қоршап тұрған атмосфераның 
жалпы массасы 5,2·10
21 
граммға тең, ал 1м
3
ауаның салмағы 1,033 
граммға тең. Жер шарын қоршап тұрған атмосфера өзінің салмақ 
күші арқылы жер бетіндегі барлық заттарға қысым түсіреді, оны 
атмосфералық қысым деп атайды.
Атмосфералық қысым миллиметр сынап бағанасымен өлшенеді. 
Қысымды анықтаушы құрал – барометр (грек тілінде, baros – 
қысым, metreo – өлшеу деген мағына береді) деп аталады. Барометр-
лер сынапты жəне сұйықтықсыз деп бөлінеді.
Қалыпты атмосфералық қысым 45
О 
ендікте, теңіз деңгейінде, 


194
0
0
С температура жағдайында өлшенеді, ол көрсеткіш 760 мм сынап 
бағанасына тең. Бұл көрсеткіш бір атмосфера өлшем бірлігі деп 
саналады. 
Халықаралық өлшем бірлігі (СИ) бойынша 1 атм = 101 325 
Паскальға тең болады. 1Па = 10
-5 
бар = 0,98 атм. Қазіргі кезде 
атмосфералық қысым гектопаскальмен (гПа) өлшенеді. Қалыптағы 
атмосфералық қысым ретінде оның теңіз деңгейіндегі орташа 
көрсеткіші – 1013 гПа алынады. 
Атмосфералық қысымды металдан жасалған барометр-анероид-
пен өлшейді (98-сурет). 
 Сынап бағанасы Барометр-анероид
98-сурет. Атмосфералық қысымды өлшеу құралдары
Атмосфералық қысым Жер шарының кез келген бөліктерінде 
үздіксіз өзгеріп отырады. Тропиктік белдеуде қысымның тəуліктік 
өзгерістері айқынырақ байқалады. Кейде тəулік ішінде қысым 
айырмашылығы 20-30 гектапаскальға жетуі мүмкін. Атмосфералық 
қысымның жылдық өзгерістері материктердің орталық бөлігінде 
күштірек байқалады. 
Гоби шөлінде бұл көрсеткіш тіпті, 40 гПа-ға жетеді, мұнда 
қысым максимумы қаңтарда, минимумы шілдеде байқалады. Мате-
риктер шетіндегі муссонды облыстарда жəне мұхиттардың жоғары 
ендіктерде жатқан бөліктерінде атмосфералық қысымның жылдық 
ауытқулары едəуір болады. Владивостокта бұл көрсеткіш 14 гПа, ал 
Бомбейде 10 гПа шамасында ауытқиды. 
Атмосфералық қысым биіктікке қарай да өзгереді, бұл ең алды-


195
мен ауа температурасының биіктікке қарай таралуына байланысты. 
Еуропада қысымның орташа жылдық көрсеткіші теңіз деңгейінде 
1014 гПа болса, 5 км биіктікте – 538 гПа, 10 км биіктікте – 262 гПа, 
ал 20 км биіктікте бар болғаны 56 гПа ғана. Жер шарының басқа 
аудандарында да атмосфералық қысымның биіктікке байланысты 
өзгерістері шамамен осындай болады.
Атмосфералық қысымның географиялық таралуы өте күрделі си-
пат алады. Өйткені ол географиялық ендікке, құрлық пен мұхиттың 
арасалмағына, жергілікті физикалық-географиялық жағдайға бай-
ланысты болады. Жалпы Жер шарында географиялық ендіктерге 
байланысты үш төмен қысым белдеуі (экватор мен екі қоңыржай 
белдеу бойында), төрт жоғары қысым белдеуі (екі тропиктік жəне 
екі полярлық ендіктер бойында) ажыратылады. 
Бірақ жеке материктер бойынша бұл белдеулердің жергілікті 
айырмашылықтары болады. Қысымның географиялық ендіктер 
бойынша таралу заңдылығы қысым айырмашылықтарының бо-
луына байланысты бұзылады. Қыс кезінде Солтүстік жарты шар 
материктерінің қоңыржай белдеуінде қысым жоғарылап, төмен 
қысым белдеуінің тұтастығы бұзылады. Төмен қысым тек мұхиттар 
үстінде, қысымдық минимумдар – Исландия жəне Алеут минимум-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет