Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет181/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Оңтүстік пассат ағыстары құрайды. Олардың артық суларының 
жиналуынан батыстан шығысқа қарай бағытталған Пассат аралық 
қарсы ағыс қалыптасады, ол экватордан сəл солтүстікке қарай жа-
тыр. 
Қоңыржай жəне поляр маңындағы ендіктерде төмен қысымды 
орталықтар (Алеут, Исландия) маңында ағыстар кіші айналымдар 
жасайды. 
Оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуі арқылы шеңбер 
бойымен Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағыс – 
Антарктикалық ағыс немесе Батыс Желдер ағысы өтеді. 
Жалпы алғанда, Дүниежүзілік мұхиттағы беткі ағыстар жылу 
мен ылғалдың тасымалдануында айрықша маңызға ие болады. Олар 
мұхиттардың батыс бөлігінде жылы суларды полюстерге қарай 
бағыттау арқылы жоғары ендіктерді жылытады, ал шығысында эк-
ватор маңына салқын суларды алып келеді. Ауа ағындары сияқты 
ағыстардың да жылы немесе суық екендігі қоршаған орта темпера-
турасына қатысты анықталады (125-сурет). 
Жылы ағыс деп есептелетін Гольфстримнің температурасы 
Скандинавия жағалауларында бар болғаны 4
0
С болса, суық ағыстар 
қатарына жатқызылатын Канар ағысының Африка жағалауларындағы 


257
температурасы +23
0
С шамасында болады. Температурасы əртүрлі 
болатын ағыстар көбінесе қоңыржай белдеулерде түйіседі. Бұл ау-
дандарда биологиялық өнімділік деңгейі өте жоғарылайды.
Суық ағыс Жылы ағыс
125-сурет. Дүниежүзілік мұхит беткі ағыстары жүйесі
Дүниежүзілік мұхит сулары біртұтас жүйе құра отырып, 
бір-бірінен шартты түрде материктер арқылы бөлінетін мұхит 
айдындарына ажыратылады.
Тынық мұхит – ең үлкен мұхит, оның ауданы 178,7 млн 
км
2
. Кейде оны Ұлы мұхит деп те атайды. Ол Дүниежүзілік мұхит 
айдынының тең жартысына жуығын, Жер шары беткі бөлігінің 1/3 
бөлігін алып жатыр. Мұхит суының жалпы көлемі 710,4 млн км
3
. Ор-
таша тереңдігі 3980 метрге жуықтайды, ал ең терең жері – Мариана 
шұңғымасы, тереңдігі 11022 метрге жетеді (126-сурет).
Тынық мұхиты Африкадан басқа бес материктің жағалауын шайып 
жатыр. Тынық мұхит аралдардың өте көп болуымен де ерекшеленеді. 
Олардың жиі шоғырланған ауданы Мұхит аралдары (Океания) деген 
атпен белгілі. 
Мұхиттың пішіні дөңгеленіп келген, əсіресе, тропиктік жəне 
экваторлық белдеулерде батыстан шығысқа қарай өте енді болып 
келеді. Көлденең қимасы 17,2 мың км, теңіздерімен бірге 20 мың км-
ге созылып жатыр. 
Сондықтан да мұхит беткі сулары салыстырмалы түрде жылы 
болады. Шығысында мұхиттың жағалау сызықтарының пішіні 
қарапайым, ал батысында өте күрделі болып келеді. Оған Еуразия 
жағалауындағы теңіздер, шығанақтар мен бұғаздардың күрделі 
жиынтығы дəлел болады.


258


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет