271
Көптеген қазаншұңқырлардан
марганец,
темір,
алюминий;
жағалаудағы құмды шөгінділерден
алтын; қайраңдардан
фосфо-
рит, ең бастысы –
Парсы шығанағынан, Қызыл теңіз бен Батыс
Үндістан,
Аустралия маңдарынан мұнай мен газ
кен орындары;
Қызыл теңіздің ойыстарынан
металдарга өте бай тұзды тұнбалар
табылған.
Үнді мұхиты алабында Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғары
беткі су температурасы тіркелген: Парсы шығанағында +34
0
С,
Қызыл теңізде +31°С, мұхиттың шығыс бөлігінде +30
0
С-ге дейінгі
температура байқалады.
Үнді мұхиты мен оның теңіздерінің биологиялық қорлары 6000
жылдан бері пайдаланылып келеді. Балық аулау үшін
жергілікті
шеберлер жасаған кішігірім қайықтар – желкенді катамарандар
осы кезге дейін қолданылуда.
Дегенмен, мұхиттың биоқорлары
əлі дұрыс зерттелмегендіктен, толығымен пайдаланылмай келеді,
мұнда дүние жүзінде ауланатын балықтың 4-5%-ы ғана ауланады.
Жалпы алғанда Үнді мұхиты аз зерттелген. Оның табиғи қорлары
əлі толық игерілмеген. ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап қана
Үнді мұхитын зерттеуге көптеген елдердің ондаған зерттеу кемелері
жұмылдырылып, ірі халықаралық
ғылыми-зерттеу жұмыстары
басталды. ЮНЕСКО шеңберінде жүргізілетін жұмыстар қатарына
балық шаруашылығы саласындағы зерттеулер де жатады.
Достарыңызбен бөлісу: