Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет190/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Саргасс теңізі – Жер шарындағы ең таңғажайып теңіздердің
бірі. Ол Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде, субтропиктік 
ендіктерде 40
о
жəне 66
о 
б.б. аралығында орналасқан. Саргасс 
теңізінде жағалау болмайды, оларды аса ірі Антиль, Гольфстрим, 
Солтүстік Пассат сияқты теңіз ағыстары алмастырады. 
Теңіздің су айдынының ауданы 6-7 млн км

құрайды, бірақ пішіні 
ағыстардың жыл мезгілі ішіндегі өзгерістеріне байланысты айқын 
болмайды. Теңіздің өзінде ағыстар баяу, тұрақсыз келеді. Теңіз өте 
терең, Солтүстік Америка ойысының орталық бөлігіндегі ең терең 
жері 6994 м жетеді. Теңіздің орта бөлігінде Бермуд суасты үстірті 
орналасқан, оның су бетіне шығып тұратын биік бөліктері Бермуд 
аралдарын құрайды.
Саргасс теңізінде судың тұздылығы тұрақты 37,5
0
/
00 
жəне одан 
жоғары, жоғары тұздылық буланудың күшті болуына байланысты. 
Қыста беткі сулардың температурасы 18
0
С-23
0
С-ге дейін, жазда 
26
0
С-28
0
С-ге дейін ауытқиды. Су өте мөлдір, жалпы түсі қою көк 
болып келеді. Қоңыр-жасыл балдырлар мен судың қара-көк түсінің 
үйлесуі Саргасс теңізіне аса əдемі, керемет көрініс береді.
Теңіздің аты оның бетінде тобымен қалқып жүретін саргасс бал-
дырларына байланысты қойылған. Балдырлар күшті бұтақтанған 
бұталар сияқты, сабағында ауа толған айрықша көпіршіктер болу-
ына байланысты олар ұзақ уақыт суға батпай тұра алады. 
Ғалымдардың есебі бойынша 1 км
2
жерде жалпы салмағы 1-2 
тонна болатын 10-20 мың бұта болады. Жылу мен жарықтың 
мол болуы балдырлардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай тудырады. 
Теңіздің шеткі бөліктеріндегі шеңберлі ағыстар балдырлардын су 
айдыны аумағынан шығып кетуіне бөгет болады.
Жануарлар дүниесі бай жəне алуан түрлі. Теңізде ұсақ 
жəндіктер – ұсақ шаяндар мен таңқышаяндар, мұрт аяқты шаян-
дар, бас аяқты бақалшақтар мен теңіз тасбақалары мекендейді. 
Балықтардан ұшқыш балықтар, ат-балық, тунец, қылыш балық, 
акулалар кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет