315
уын-шашын мөлшері буланушылық көрсеткішінен 10-20 есе аз,
бұл тіршіліктің таралуы мен даму мүмкіншілігін барынша тежейді.
Өсімдік жамылғысы өте жұтаң, топырақ жамылғысы нашар жетіл-
ген. Ландшафтылық ерекшелігіне қарай сазды шөлдер –
тақырлар,
тасты шөлдер –
гамадалар (хамада), құмды шөлдер
– эргтер ажы-
ратылады.
Активті температура жиынтығы белдеулер бойынша 4000
0
С-ден
9000
0
С-ге дейін көтеріледі. Шөлдердегі
жерасты суы деңгейі
жақын жатқан жерлерді
шұраттар деп атайды. Шұраттар ежел-
ден шөлдердегі өркениет пен егіншіліктің
басты аудандары болып
есептеледі. Ежелгі қалалардың басым көпшілігі осы шұраттарда
орналасқан.
Саванна жəне
сирек орман зонасы негізінен субэкваторлық бел-
деуге тəн, бірақ табиғатта тропиктік, тіпті субтропиктік белдеулерде
де кездеседі. Саванна зонасының ең басты белгісі –
ылғалды жəне
құрғақ кезеңдердің айқын ажыратылуы.
Ылғалды кезең ұзақтығы
экватор маңынан қашықтаған сайын (8-9 айдан 2-3 айға дейін)
қысқара береді.
Саваннаға өте бітік əрі биік өсетін шөптесін өсімдіктер мен əр
жерде немесе топ болып өсетін ағаштар жəне галереялы ормандар
тəн. Саванна ағаштарын құрғақшылыққа төзімді акация, баобаб, эв-
калипттер құрайды. Саваннаның негізгі топырағы –
қызыл түсті,
құрғақ саваннада
қызыл-қоңыр түске дейін ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: