Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


тан топырақтары, ал субтропиктік белдеуде сұр-қоңыр



Pdf көрінісі
бет225/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

тан топырақтары, ал субтропиктік белдеуде сұр-қоңыр, қоңыр 
топырақтар таралған. Бұл топырақ түрлерін қосымша суару 
жағдайында жоғары биологиялық өнімділікке қол жеткізуге болады. 
Сондықтан дала зонасы ежелден егіншіліктің басты ауданы бо-
лып саналады. Табиғи ландшафт қатты өзгеріске ұшыраған. Оңтүстік 
Америкадағы жанартаулық жыныстар кең таралған Ла-Плата ойпа-
тында субтропиктік дала зонасы – пампа орналасқан.
Шөлейт жəне шөл зоналары екі жарты шардың қоңыржай, 
субтропиктік жəне тропиктік белдеулері шегінде таралады. Жа-


315
уын-шашын мөлшері буланушылық көрсеткішінен 10-20 есе аз, 
бұл тіршіліктің таралуы мен даму мүмкіншілігін барынша тежейді. 
Өсімдік жамылғысы өте жұтаң, топырақ жамылғысы нашар жетіл-
ген. Ландшафтылық ерекшелігіне қарай сазды шөлдер – тақырлар, 
тасты шөлдер – гамадалар (хамада), құмды шөлдер – эргтер ажы-
ратылады. 
Активті температура жиынтығы белдеулер бойынша 4000
0
С-ден 
9000
0
С-ге дейін көтеріледі. Шөлдердегі жерасты суы деңгейі 
жақын жатқан жерлерді шұраттар деп атайды. Шұраттар ежел-
ден шөлдердегі өркениет пен егіншіліктің басты аудандары болып 
есептеледі. Ежелгі қалалардың басым көпшілігі осы шұраттарда 
орналасқан.
Саванна жəне сирек орман зонасы негізінен субэкваторлық бел-
деуге тəн, бірақ табиғатта тропиктік, тіпті субтропиктік белдеулерде 
де кездеседі. Саванна зонасының ең басты белгісі – ылғалды жəне 
құрғақ кезеңдердің айқын ажыратылуы. Ылғалды кезең ұзақтығы 
экватор маңынан қашықтаған сайын (8-9 айдан 2-3 айға дейін) 
қысқара береді. 
Саваннаға өте бітік əрі биік өсетін шөптесін өсімдіктер мен əр 
жерде немесе топ болып өсетін ағаштар жəне галереялы ормандар 
тəн. Саванна ағаштарын құрғақшылыққа төзімді акация, баобаб, эв-
калипттер құрайды. Саваннаның негізгі топырағы – қызыл түсті
құрғақ саваннада қызыл-қоңыр түске дейін ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет