Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Арктикалық жəне антарктикалық мұзды шөлдер



Pdf көрінісі
бет223/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Арктикалық жəне антарктикалық мұзды шөлдер екі по-
ляр аймағын алып жатыр. Радиациялық баланс поляр түндерінде 
теріс мəнге ие, ауа терпературасы тұрақты төмен, жауын-ша-
шын өте аз. Аз ғана уақытқа созылатын полярлық жаз кезінде 
мұз, мəңгі тоң жəне қар жамылғысы еріп үлгермейді. Жылудың 
жетіспеуінен топырақ жамылғысы жетілмеген, жоғары сатыдағы 
өсімдіктер мүлдем кездеспейді. Мүктер мен қыналар ғана өсе алады. 
Антарктидадағы мұздан бос жерлер – шұраттар (оазис) деп ата-
лады. Материктің орталық бөлігі көтеріңкі жəне жоғары қысымды 
орталық болғандықтан жағалауға қарай аса қуатты ағынды желдер 
соғады. Жануарлар мен құстардың тіршілігі көбінесе сумен тығыз 
байланысты.
Тундра зонасы негізінен солтүстік жарты шардың арктикалық 
жəне субарктикалық белдеулерін бойлай 300-500 км ендікте мате-


313
риктер жағалауын алып жатыр. Оңтүстік жарты шарда тундра Ан-
тарктида жағалауындағы аралдарда ғана кездеседі. Климат өте қатал, 
күшті желдер жиі соғады, қар жамылғысы 7-9 ай бойы жатады. 
Ұзақ поляр түні қысқа əрі ылғалды жазға алмасады (жаздың 
орташа температурасы 10
0
С-ден аспайды). Активті температура 
жиынтығы 300-ден 800
0
С-ге дейін жетеді. Жылдық жауын-шашын 
мөлшері 200-400 мм, қатты күйде түседі жəне буланушылық төмен 
болғандықтан батпақтар өте көп. Сондай-ақ мəңгі тоңдық аудандар 
кең таралған. 
Тундраға глейлі топырақ тəн, ол құрамында темірдің шала 
тотығының (FeO) болуына байланысты көгілдір түсті болып 
келеді. Өсімдіктер дүниесі өте сирек, көбінесе, жерге төселіп өседі. 
Өсімдіктердің жапырақтары ұсақ, сырты балауыз тəрізді жабын-
дымен жабылған, қатал климат жағдайында ол өсімдік бойында 
жылудың сақталуына көмектеседі.
Орманды тундра орман мен тундраның арасындағы өтпелі 
зона. Субарктикалық белдеуде орналасады. Тундра мен сирек орман 
алма-кезек ауысып орналасады, оңтүстікке жүрген сайын орман 
үлесі артады. Ергежейлі қайыңдар мен төселмелі самырсыннан 
тұратын қисық орман арасында тал бұталары, шөптесін өсімдіктер 
де кездеседі. 
Вегетациялық кезең бар болғаны екі айға созылады, бірақ 
полярлық күн (ұзақтығы 22 сағат) жағдайында ағаш сүректері жыл-
дам өседі. Алайда тұқым жетіліп үлгермейді, орман ағаштары жел, 
құстар мен жануарлар арқылы тайгадан тасымалданатын тұқымдар 
есебінен толықтырылады. Оңтүстік жарты шарда орманды тундра 
зонасы субантарктикалық белдеудегі аралдарды (Оңтүстік Георгия) 
алып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет