325
Энергетикалық
проблема.
Энергетикалық
ресурстар
өндірісінің монополиялануы, тұтыну салаларының қарқынды дамуы
энергетикалық шикізаттың тапшылығына жəне олардың бағасының
күрт артуына себепші болуда.
Шикізат түрлерін өндіру жəне
тасымалдау барысында
экологиялық талаптарды орындау қажеттілігі энергетикалық про-
блеманы ушықтыра түсті. Бастапқы
энергетикалық ресурстар
қатарына жататын мұнай,
табиғи газ, көмір, жанғыш тақтатастар,
шымтезек, ағаш, су ресурстары қорының шектеулі болуы қалпына
келетін немесе сарқылмайтын балама ресурс түрлерін пайдалануды
жеделдетті.
Қазіргі кезде дүниежүзінің 40 елінде АЭС бар немесе салынып жа-
тыр, оларда орнатылған атомдық реактор блоктарының жалпы саны
445-тен асады. Олардың үлесіне дүниежүзінде
өндірілетін электр
энергиясының 17%-ы тиесілі. Кейбір елдерде АЭС-ң электр энер-
гиясы өндірісіндегі үлесі басқа энергия көздерімен салыстырғанда
басым бола бастады.
Францияда бұл көрсеткіш 77%-ға, Литвада 83%-ға тең.
Осыған қарамастан көптеген елдерде АЭС салуға қарсы қоғамдық
қозғалыстар жұмыс істейді. Əсіресе,
бұл қозғалыстар Фукусимада
болған апаттан кейін ерекше қарқын алуда.
Достарыңызбен бөлісу: