Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет74/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Жер қозғалыстары. Жер бірнеше қозғалысты бір уақытта 
атқарады. Ол өзінің орбитасы бойымен жыл ішінде жəне өз білігінен 
тəулік ішіндегі айналымдарды жүзеге асырады. 
Жердің Күнді айнала қозғалуы эллипстік орбита бойымен 
жүзеге асады, оның бір фокусында Күн орналасқан. Жер білігі 
орбита жазықтығына қатысты 66°33′ бұрышпен еңкіштік жасай-
ды. Қозғалыс барысында Жер білігі орнын ауыстырып отырады, 
сондықтан орбита бойында төрт нүкте пайда болады. Олардың екеуі 
күн теңелуі, ал екеуі күн тоқырауы деп аталады (35-сурет). 
Теңелу күндері радиус-вектор экватор жазықтығында орнала-
сады, ал жарық бөлгіш сызық параллельдерді қақ ортасынан бөліп 
тұрады. Осыған сəйкес күн сəулелері экваторға тік түседі де, бүкіл 
Жер шарында күн мен түннің ұзақтығы теңеседі (полюстерде күн 
мен түннің алмасуы жүреді). Күн теңелулері көктемгі (21 наурыз) 
жəне күзгі (23 қыркүйек) деп бөлінеді.
Күн тоқырауы кезінде экватор жазықтығы Күн сəулесіне 
қатысты (орбитаның радиус-векторы) 23°27′ бұрышқа еңкіштенеді. 
Күн бұл уақытта тропиктердің бірінде зенитте болады. Жазғы Күн 
тоқырауы кезінде (22 маусым) Солтүстік жарты шарда ең ұзақ күн, 
ең қысқа түн, ал қысқы Күн тоқырауы (22 желтоқсан) кезінде ең ұзақ 
түн мен ең қысқа күн байқалады. Жер білігінің орбита жазықтығына 
еңкіштенуіне байланысты тропиктік жəне полярлық шеңберлер 
ажыратылады. 


97
35-сурет. Жердің орбита бойымен жылдық қозғалысы
Жер білігі – Солтүстік жəне Оңтүстік полюстер арқылы өтеді. 
Жердің əрбір бөлігінің айналу жылдамдығы өзі айналып өтетін 
қашықтыққа байланысты. Жер бетіндегі қозғалыссыз қалатын 
нүкте – полюстер, 65
о 
солтүстік жəне оңтүстік ендіктерде айналу 
жылдамдығы 195 м/с, ал ең жоғарғы жылдамдық (464 м/с) экватор 
сызығы бойында байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет