107
келмейді, осы кезеңде Ай өз білігінен де, Жерді де толық бір рет
айналып шығады.
Бұл кезең 27,32 тəулікке тең, сондықтан жаңа туған Ай Жер мен
Күннің арасында болатындықтан уақытша Жерден көрінбейтін бо-
лады (
39-сурет).
Массасының аз болуына байланысты Ай өз айналасында өте
сирек ауа қабатын ұстай алады. Оның құрамы гелий мен аргоннан
тұрады.
Ай бетіне келіп түскен Күн сəулесінің 7%-ы ғана кері шағылады.
Айдағы 354 сағатқа созылатын күндізгі уақытта Ай беті +130
0
С-ге
дейін қызады, ал сонша уақытқа созылатын түн мезгілінде – 170
0
С,
таң алдында – 200
0
С-ге дейін салқындайды. Атмосфераның сирек бо-
луына байланысты Ай бетінің жылынуы мен суынуы Күн сəулесінің
түсу бұрышына байланысты тез өзгеріп отырады.
39-сурет. Ай фазаларының көрінісі
Жай көзбен қарағанның өзінде Ай
бетіндегі қара дақтар анық
көрінеді. Оларды шартты түрде мұхиттар мен теңіздер деп атайды,
олар аса ірі тегіс жазықтарға сəйкес келеді. Телескоп көмегімен
Ай бетінін «материктер» деп аталатын көтеріңкі жер бедері
пішіндерін анық ажыратуға болады.
Олардың арасындағы биіктік
айырмашылығы 12-13 километрге дейін жетеді.
Ең биік таулар (биіктігі 8 км) оңтүстік полюс маңында
шоғырланған. Ай бетінде кратерлер өте көп,
олардың диаметрлері
бірнеше метрден бірнеше жүздеген километрге (400 км дейін)
жетеді. Олар қалыптасуы жағынан метеориттік жəне жанартаулық
сипат алады.
1958 жылы
Альфонс кратерінен көміртегінің бөлініп
жатқандығы анықталған. Белсенді жанартау атқылау ертеректе өте
қуатты жүргенімен, қазіргі кезде
олар тыныштық жағдайға көше
бастаған.
108
Ай бетінің жоғарғы бөлігіндегі тау жыныстары жалпы атпен –
ре-
голит деп аталады. Реголиттердің тығыздығы 0,8-1,5 г/см
3
, кеуекті,
химиялық құрамы жағынан Жердегі негіздік жəне ультранегіздік
кремнеземге жақын болып келеді.
Алынған үлгілерді зерттеу барысында Айды құрайтын
жыныстарының магмалық негіздегі –
базальт пен анортозиттен
тұратыны анықталған. Базальттар жазықтарда, ал анортозиттер
тауларға тəн. Базальтты жыныстардың тығыздығы 3,9 г/см
3
, ал
анортозиттердің тығыздығы 2,9 г/см
3
, ал Ай жыныстарының жалпы
алғандағы орташа тығыздығы 3,34 г/см
3
шамасында,
Жердегі тау
жыныстары тығыздығымен салыстырғанда көрсеткіші (5,52 г/см
3
)
төмен. 60 км тереңдікке дейінгі Ай қыртысы біртектес болып келеді.
Ай жыныстарының құрамында кремний тотықтары – 49%, маг-
ний тотықтары – 7%, темір тотықтары – 2%, алюминий тотықтары
– 22%, кальций тотықтары – 18%, титан тотықтары – 3%-ға дейінгі
мөлшерде кездеседі. Құрамында темір қосылыстары аз болуына
байланысты Айда екі полюсті магниттік өріс қалыптаспаған.
Ай жыныстары құрамын зерттеу нəтижелері онда тіршіліктің ең
қарапайым түрлерінің жоқ екендігін дəлелдеді. Ай жыныстарының
абсолюттік жасы 3,6-4,6 млрд жыл шамасында екені анықталған.
Қалыптасу кезеңдері қатар болғандықтан Ай мен Жер құрамындағы
тау жыныстары бір-біріне жақын болып келеді. Алайда, Айда
темір мен тез балқитын металдардың өте аз болуын оларды Жер
ғаламшарының өз құрамына қосып алуымен байланыстырады.
Толық Ай кезінде Жер Ай мен Күннің
арасында орналасады,
сондықтан Ай толық шеңбер түрінде көрінеді. Күн, Жер жəне Ай
орындарының орналасу позициясына сəйкес немесе бір сызықтың
бойында тұрған кезде Күн жəне Ай
тұтылуы деп аталатын
құбылыстар қалыптасады.
Тұтылу – астрономиялық құбылыс. Күн
тұтылуы кезінде Ай
көлеңкесі Күн бетін жауып қалады, ал Ай бізге жарық түспейтін
бетімен бұрылып орналасады. Сондықтан оны көру мүмкін бол-
майды. Күн тұтылуы – тек Жаңа Ай фазасы кезінде ғана болатын
құбылыс.
Айдың тұтылуы – Жерден түскен конус тəрізді көлеңке Ай бетін
жауып қалған жағдайда болатын құбылыс. Үнемі қозғалыста бола-
тын аспан денелерінің бір сызықтың бойында орналасуы ұзаққа со-
зылмайды, сондықтан бұл процесс толық тұтылу, жартылай тұтылу
деп ажыратылып, тез арада аяқталуы мүмкін.
109
Ай Жерге ең жақын орналасқан
аспан денесі болғандықтан,
Жердегі табиғат жағдайларына өзіндік ықпалын тигізеді. Ай мас-
сасы Күн массасынан 27 млн есе кіші болғанымен, оған қарағанда,
Жерге 374 есе жақын орналасқан. Сондықтан оның гравитациялық
əсерінің ықпалы Күнмен салыстырғанда күшті байқалады.
Айдың ең күшті ықпалы дүниежүзілік мұхит суының
толысу
жəне
қайту құбылысынан айқын байқалады (
40-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: