102
Ай, Күн жəне ғаламшарларды бақылау нəтижесінде ХVІІ-ХVІІІ
ғасырлардан бері жүргізілген байқаулар бойынша Жер айналуының
жылдамдық өзгерісінің нақты өлшемі жоқ. 1955
жылдан бастап
атомдық сағаттардың енгізілуі (Т - П) жер айналуы жылдамдығының
бұрыштық мəндерін жоғары дəлдікпен есептеп шығаруға мүмкіндік
бере бастады.
Соңғы елу жыл бойы жүргізілген есептеулер бойынша 1956-1961
жылдар аралығында Жердің айналу жылдамдығы артқаны, 1961-
1972 жылдар аралығында жылдамдықтың бəсеңдеп, ал 1973-1988
жылдар аралығында қайтадан артып отырғаны анықталған.
1989-1990 жылдан бастап жылдамдық қайта бəсеңдеген бол-
са, 2005 жылдан бастап жылдамдықтың
тағы да артып отырғаны
ғылымға белгілі болып отыр.
Жердің өз білігінен айналу жылдамдығының өзгеруі Жердің
беткі бөлігінде су жəне ауа қабаттарының болуымен де тығыз бай-
ланысты. Жер шарындағы құрлықтар мен мұхиттардың орналасуы
түрліше қатынаста болғандықтан, Жердің білігі айналу кезінде по-
люстер маңында айналу бағытына қарама-қарсы конустық пішіндегі
ауытқуды қалыптастырады, оны
прецессия деп атайды.
Прецессия кезінде көктемгі Күн теңелу нүктесі Күнге
қарай
жылжып отырады. Соның нəтижесінде жылма-жыл теңелу ертерек
жүзеге асады. Бұл ауытқудың жылдамдығы бір жылда 50 секундқа
тең. Көктемгі Күн теңелуінің эклиптика бойымен айналып шығуына
шамамен 26 млн жыл уақыт кетеді.
Процессия əсерінен географиялық полюстер кеңістік пен уақыт
аралығында орын ауыстырады, бұл құбылыс –
нутация деп атала-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: