Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жер айналымы жылдамдығының өзгерісі



Pdf көрінісі
бет78/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Жер айналымы жылдамдығының өзгерісі. Адамзат Жердің 
өз білігінен айналуын бірнеше ғасырлар бойы уақыт өлшегіші 
ретінде пайдаланып келеді. Əйткенмен, Жер тұрақты түрде айнал-
майды жəне бұл тұрақсыздықтар астрономия, геодезия жəне ғарыш 
зерттеушілеріне көп əурешілік əкеледі. Олар жер объектілері мен 
аспан денелерінің координаттарын өзгертеді. Жер айналымының 
жылдамдығын шексіз өлшеммен (&Р) сипаттау белгіленген: &Р = 
(w - @) / w = - (Т - П)/ П; мұндағы: Т – жер тəулігінің ұзақтығы;
П – 86 400 секундқа тең, Күн тəулігінің ұзақтығы;
W = 2 Пи / Т;
@) = 2Пи/П Жер жəне Күн тəуліктеріне сəйкес бұрыштық 
жылдамдық.
Жер тəуліктері қысқа болған сайын Жер жылдамырақ қозғалады. 
Сондықтан өз білігінен айналатын Жер ғаламшары бейне сағат, ал 
аспан кеңістігіндегі жұлдыздар мен басқа да жарық шығаратын де-
нелер циферблат бөлгіштері қызметін атқарады.


102
Ай, Күн жəне ғаламшарларды бақылау нəтижесінде ХVІІ-ХVІІІ 
ғасырлардан бері жүргізілген байқаулар бойынша Жер айналуының 
жылдамдық өзгерісінің нақты өлшемі жоқ. 1955 жылдан бастап 
атомдық сағаттардың енгізілуі (Т - П) жер айналуы жылдамдығының 
бұрыштық мəндерін жоғары дəлдікпен есептеп шығаруға мүмкіндік 
бере бастады.
Соңғы елу жыл бойы жүргізілген есептеулер бойынша 1956-1961 
жылдар аралығында Жердің айналу жылдамдығы артқаны, 1961-
1972 жылдар аралығында жылдамдықтың бəсеңдеп, ал 1973-1988 
жылдар аралығында қайтадан артып отырғаны анықталған.
1989-1990 жылдан бастап жылдамдық қайта бəсеңдеген бол-
са, 2005 жылдан бастап жылдамдықтың тағы да артып отырғаны 
ғылымға белгілі болып отыр.
Жердің өз білігінен айналу жылдамдығының өзгеруі Жердің 
беткі бөлігінде су жəне ауа қабаттарының болуымен де тығыз бай-
ланысты. Жер шарындағы құрлықтар мен мұхиттардың орналасуы 
түрліше қатынаста болғандықтан, Жердің білігі айналу кезінде по-
люстер маңында айналу бағытына қарама-қарсы конустық пішіндегі 
ауытқуды қалыптастырады, оны прецессия деп атайды.
Прецессия кезінде көктемгі Күн теңелу нүктесі Күнге қарай 
жылжып отырады. Соның нəтижесінде жылма-жыл теңелу ертерек 
жүзеге асады. Бұл ауытқудың жылдамдығы бір жылда 50 секундқа 
тең. Көктемгі Күн теңелуінің эклиптика бойымен айналып шығуына 
шамамен 26 млн жыл уақыт кетеді.
Процессия əсерінен географиялық полюстер кеңістік пен уақыт 
аралығында орын ауыстырады, бұл құбылыс – нутация деп атала-
ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет