Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ. ЛИТОСФЕРА ЖƏНЕ ЖЕР БЕДЕРІ



Pdf көрінісі
бет85/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

4-ТАРАУ. ЛИТОСФЕРА ЖƏНЕ ЖЕР БЕДЕРІ
4.1. Жердің ішкі құрылысы
Жердің ішкі құрылысы. Жердің ішкі құрылысы: жер қыртысы, 
мантия жəне ядро сияқты үш қабаттан тұрады. Сыртқы «қатты» 
қабық жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін қосып литос-
фераны түзеді. Оның қалыңдығы 50-200 км дейін жетеді (42-сурет). 
1 - ішкі ядро, 2 - сыртқы ядро, 3 - төменгі мантия, 4 - жоғарғы 
мантия, 5 - жер қыртысы, 6 - жер бедері
42-сурет. Жердің ішкі құрылысы: 
Ядро. Жер ядросы орташа радиусы 3500 км болатын сфероидты 
құрайды. Ядроның құрамы жайында да нақты мағлұматтар жоқ, тек 
ядро Жердің ең тығыз қабаты екендігі ғана белгілі. Ол екі сфераға 
бөлінеді, 5150 км тереңдікке дейін сұйық күйдегі сыртқы жəне 5150 
км-ден 6371 км тереңдікке дейінгі қатты күйдегі ішкі ядро болып 
жіктеледі. 
Сыртқы ядрода ұзына бойлы толқындар жылдамдығы 8 км/с, 
кесе көлденең толқындар мүлде таралмайды. 5150 км тереңде ұзына 
бойлы толқындардың таралу жылдамдығы көбейеді, сонымен қатар 
кесе көлденең толқындар да тарала бастайды. Ішкі ядроға Жер мас-
сасы үлесінің 2%-ы, сыртқы ядроға 29%-ы тиесілі болып келеді.
Мантия. Мантия Жердің көлемі мен салмағы бойынша ең үлкен 


114
қабаты болып саналады. Ол Жер қыртысының төменгі бөлігінен 
басталып, Гутенберг шекарасы аталатын 2900 км тереңдіктегі 
мантияның төменгі шекарасымен бітеді. Мантияны төменгі жəне 
жоғарғы деп бөледі.
Мантияның заттық құрамы жайында нақты мəлімет жоқ. Газға 
қаныққан балқыған силикатты массадан тұрады деп болжанады. 
Жоғарғы мантия 50-80 км (мұхит астында) жəне 200-300 км-ден 
(құрлық астында) 660-670 км-ге дейінгі аралықты алып жатыр. Оны 
кейде астеносфера деп атайды. 
Əдетте тектоникалық сипаттағы ішкі қозғалыстар туындап, 
іске асатын жəне жер сілкіністер мен балқыған магма ошақтары 
орналасқан литосфера мен астеносфераның төселмелі, қозғалмалы 
қабаттарын тектоносфера деп атайды.
Жер қыртысы – кремнезем, сілті, су, аз мөлшерде магний мен 
темірден құралған қатты, тасты қабық. Ол мантияның жоғарғы 
қабатынан ұзына бойлы сейсмикалық толқындар жылдамдығы
8 км/с дейін өзгеретін Мохоровичич шекарасымен бөлініп жатыр. 
Жер қыртысының қалыңдығы орташа 35 км; материктердегі жас 
қатпарлы таулардың астында ол 80 км-ге дейін өсіп, суасты орта жо-
талар түбінде 6-7 км қалыңдықта болады (43-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет