126
Сондықтан
мұндай аймақтарды параплатформа (қозғалмалы)
деп атайды. Ішкі күштердің əсерінен кейбір платформалардың
іргетасында терең жарықтар пайда болып, интрузивті жыныстардың
жаппай жоғары көтерілуі жүреді. Соның əсерінен жарылыс күшті
жүрген Сібір жəне Үндістан платформаларында
бағалы металдар
мен асыл тастардың бай кен орындары көптеп түзілген.
49-сурет. Тектоникалық деформациялардың кең тараған түрлері
Геосинклиналдар аумағында тектоникалық жарықтар жиілігі
жоғары болғандықтан ішкі күштердің ықпалы күшті байқалады.
Сондықтан магманың жоғары көтерілуі қарқынды жүреді,
бұл өз
тарапынан жанартау атқылауы, жер сілкіну құбылыстарына себепші
болады.
Геосинклиналдарда
ішкі
күштер
əсерінен
қатпарлану
қозғалыстары жүреді. Соның нəтижесінде
антиклиналь (тау жо-
талары),
синклиналь (тау аралық жəне тау алды ойыстары) жəне
моноклинальдар (бір бағытта ғана еңкіш тегіс жерлер) түзіледі
(
49-сурет).
Кавказ таулы аймағында Үлкен Кавказ, Кіші Кавказ жоталары
антиклинорийлерге, ал олардың арасындағы
Колхида мен Ленко-
рань ойпаттары синклинорийлерге сəйкес келеді. Мұндай құрылым
Гималай тауы мен Үнді-Ганг ойпатына да тəн.
Достарыңызбен бөлісу: