Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет92/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

трансформдық жарықтар деп атайды (47-сурет). 


123
46-сурет. Екі литосфералық тақтаның ажырауы (спрединг зонасы)
Осындай жарықтардың бойында Атлант мұхиты табандарында 
Оуэн жəне Романш шұңғымалары орналасқан.
1 - суасты орта жоталары, 2 - шұңғымалар, 3 - трансформды 
жарықтар, 4 - мұхиттық рифттер, 5 - құрлықтық рифттер, 
6 - ежелгі платформалар, 7 - геосинклинальды белдеулер, 8 - мұхит 
табаны
47-сурет. Литосфералық тақталар жəне олардың құрылымы
Əртүрлі литосфералық тақталардың əрекеттесу аудандарында 
түрліше тектоникалық өзгерістер жүзеге асады. Тығыздығы мен 


124
салмағы салыстырмалы түрде жоғары болатын мұхиттық тақтаның 
шеткі бөліктері 45
0
еңкіштікте күрт майысып, материктік тақтаның 
астына енеді. 
48-сурет. Материктік жəне мұхиттық тақталардың жымдасуы 
(субдукция зонасы)
Құрылымы əртүрлі екі тақта түйісетін осы аймақта мұхиттағы 
ең терең шұңғымалар пайда болады. Литосфералық тақталардың 
осындай жымдасу аймақтары субдукция зонасы деп аталады (48-су-
рет). 
Ал құрылымы ұқсас екі материктік тақта соқтығысқан 
жағдайда олардың шеткі бөліктері көтеріліп, қатпарлану жүреді. 
Дүниежүзіндегі аса ірі Гималай тауы Үндістан жəне Еуразия 
тақталарының соқтығысу ауданында көтерілген. 
Литосфералық тақталар саны тұрақты емес; геологиялық уақыт 
аралығында олар рифттер арқылы бөлшектеніп немесе тектоникалық 
қозғалыстар əсерінен қайта бірігіп отырады. Қазіргі кезде Жер ша-
рында 7 ірі жəне ондаған ұсақ литосфералық тақталар ажыратылады. 
Материктік жəне мұхиттық жер қыртысы. Литосфераның 
беткі жұқа қабығы жер қыртысын құрайды. Ол құрамы мен 
құрылысына қарай материктік жəне мұхиттық деп бөлінеді. 
Материктік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде шөгінді жы-


125
ныстар қабаты, ал одан төменде геофизикалық деректер бойынша, 
гранит жəне базальт қабаттары орналасқан. Гранит жəне базальт 
қабаттарының шекаралас бөліктерінде сейсмикалық толқындардың 
жылдамдығы күрт өзгеретіні байқалған. 
Мұхиттық жер қыртысында гранит қабаты болмайды жəне 
шөгінді жыныстар қабаты салыстырмалы түрде жұқа болып келеді. 
Материктер мен мұхиттардың шекаралас аймақтарында жер 
қыртысы өтпелі сипат алады. Жер қыртысының осындай құрылымы 
Еуразияның Тынық мұхитымен шектескен бөлігінде кездеседі. 
Оған аралдар доғасы мен оны бойлай орналасқан терең мұхит 
шұңғымалары дəлел болады. 
Материктік жер қыртысы платформалар мен геосинклиналдарға 
жіктеледі. Платформалар аумағында жер бедері көбінесе, жазық 
болып келеді. Мұндай жер бедері ұзақ уақыт бойы сыртқы күштер 
əсерінен жер бетінің тегістелуінің нəтижесінде қалыптасады.
Жазық-платформалық аймақтар құрлық ауданының шамамен 
53%-ын алып жатыр. Дүниежүзіндегі аса ірі Шығыс Еуропа, Батыс 
Сібір, Ұлы Қытай, Ұлы жазық пен Орталық жазық, Амазонка, Ла-
Плата жəне т.б. жазықтар платформалық құрылымдарда орналасқан.
Негіздері архей мен протерозойда қаланған ежелгі платформалар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет