Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет95/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Магматизм жер бедерінің қалыптасуында аса маңызды орын 
алады. Бұл процесс магманың жер қойнауынан көтеріліп шығуы, 
суынуы мен қатаюы жағдайларына қарай интрузиялық магма-
тизм жəне эффузиялық магматизм деп бөлінеді. Осы процестер 
нəтижесінде интрузиялық тау жыныстары (латын тілінде intrusio 
– итеру деген мағына береді) түзіледі. 
Интрузия – магманың жер бетіне шығып үлгермеген бөліктерінің 
жер қыртысы қабаттарына еніп, кристалданған магма есебінен 
қалыптасқан тау жыныстары. Жердің ішкі қабатында қатқан магма 
баяу суынып, оның толық кристалдануына жағдай туғызады. Бұлар 
жер қыртысында əртүрлі пішінді интрузиялық құрылымдарды (ба-
толиттер, лакколиттер т.б.) қалыптастырады. 
Батолиттер – (грек тілінде, batos – тереңдік, litos – тас деген 
мағына береді) негізінен гранитоидтерден, гранитті диорттерден 
тұратын, қатпарлы құрылымдар жүрген аймақтарда жиі ұшырасатын, 
ауқымы жүздеген километрге жететін ірі интрузиялық құрылымдар. 
Бұлар кейіннен олардың үстін жауып жатқан тау жыныста-
ры қабаттарының үгіліп-мүжілуі нəтижесінде ашылып, сыртқы 
күштердің əсеріне төзімділеу болғандықтан, жер бетінде қоршаған 


129
ортадан анық дараланып көрінетін тау жотасы түрінде кездеседі. 
Батолиттер Кордильера тау жүйесінің Аляска жотасында, Үлкен 
Кавказ жоталарында көптеп кездеседі.
Лакколиттер – (грек тілінде, lakkos – шұңқыр, үңгу, lithos – тас 
деген мағына береді) саңырауқұлақ пішінді, үсті күмбез тəріздес, 
асты тегіс интрузифті магматизм құрылымдары. Магма өзі жа-
рып шыққан қабаттар арасына кірген кезде өзінен жоғары тұрған 
қабаттарды көтереді де, оларда пайда болған қуыстарды толтырады. 
Соның нəтижесінде интрузиялық жыныстармен кіріккен тау 
жыныстарының қабаттары пайда болады. Беткі шөгінді тау жыныс-
тары экзогендік процестер əсерінен шайылып кеткен жағдайда, лак-
колиттер жердің бетіне шығып, əртүрлі пішіндер құрайды. 
Əдетте лакколиттер жеке дара кездеседі немесе бірнеше 
құрылымдарың өзара қосылуынан күмбез тəрізді қыраттарға айна-
лады. 
Солтүстік Кавказда – Машук, Бештау атты таулы аудандарда
Қырымда – Аю-Даг, Кастель сияқты таулы аймақтарда кеңінен 
таралған (51,52-суреттер).
51-сурет. Экзогендік əрекеттер əсерінен жалаңаштанған лакколит
Лакколиттерден басқа жер қыртысында таспа тəрізді интрузия-
лық құрылымдар да кездеседі. Олар тау жыныстары арасын түрлі 
бағыттарда кесіп өтіп, жолындағы тау жыныстарымен кірігіп кетеді. 
Сыртқы күштердің əсерінен үгілген магмалық жыныстар жердің 
бетінде қабырға тəрізді тік жатқан тақта пішіндес дайка деп атала-
тын геологиялық құрылымдарды құрайды. Бұл жер қыртысындағы 
тік немесе көлбеу бағыттағы тектоникалық жарықтардың магмаға 
толуынан пайда болған интрузиялық құрылымдар. Оның мөлшері 
шағын, бірнеше миллиметрден бірнеше метрге дейін жетеді.


130


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет