Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жер бедерінің қалыптасуына əсер етуші факторлар



Pdf көрінісі
бет94/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

4.3. Жер бедерінің қалыптасуына əсер етуші факторлар
Жер бедерінің барлық пішіндерінің қалыптасуына əсер етуші 
күштер екі топқа ішкі (эндогендік) жəне сыртқы күштерге 
(экзогендік) жіктеледі. 
Ішкі күштер (оны кейде тектоникалық қозғалыс деп те атайды) 
Жердің ішкі қойнауындағы жылу, химиялық жəне радиоактивтік 
энергия əсерінен жер қыртысында тау түзілуі мен тербелмелі 
қозғалыстарды туғызады. Тау түзілуі жер қыртысындағы 


127
қатпарлықтардың түзілуіне, терең тектоникалық жарықтардың пай-
да болуына жəне осы жарықтар бойымен жекелеген жер қыртысы 
бөліктерінің тік қозғалыстарға ұшырауына, магманың сыртқа 
құйылуына əсер етеді (50-сурет). 
1 2 3
1 - ендік бағытта жақындау, 2 - ендік бағытта қашықтау, 3 - қарма-
қарсы қашықтау
50-сурет. Жер қыртысындағы қозғалыстар түрлері
Тербелмелі қозғалыстар жер қыртысының біртіндеп көтерілуі 
мен төмен түсуіне, соның нəтижесінде мұхит деңгейінің көтерілуі 
мен төмендеуіне себепші болады. Тербелмелі қозғалыстар қайтымды 
сипат алады, яғни жоғары көтерілген жер қыртысы қайта төмен түсуі 
немесе майысып, төмен түскен жерлер қайта көтерілуі мүмкін. 
Ал тау түзілуі кезінде қатпарлануға ұшыраған жерлер, сондай-ақ 
жарықтар бойымен жылжып кеткен бөліктер енді қайтып қалпына 
келмейді. Жанартау атқылауы мен жер сілкінуі де осы ішкі күштердің 
нəтижесі болып табылады. 
Демек, литосфералық тақталарды қозғалысқа келтіріп, мате-
риктер пішіндері мен мұхиттар айдынын өзгертуші басты күш те 
осы ішкі күш болып табылады. Материктердегі ірі жазықтар мен 
таулар, мұхит табанындағы қазаншұңқырлар мен суасты орта жо-
талары да ішкі күш əрекеті нəтижесінде түзілген жер бедерінің ірі 
құрылымдары болып саналады.
Жер 
қыртысындағы 
ішкі 
күштер 
əсерінен 
болатын 
қозғалыстарды жалпы атпен – тектоникалық қозғалыстар деп 
атайды. Тектоникалық қозғалыстар байқалатын жер қыртысының 
700 километрге дейінгі бөлігі – тектоносфера деп аталады. Бұл жер 
қыртысы мен жоғарғы мантияның жалғасқан бөлігіне сəйкес келеді.
Магманың қозғалуы мен құйылу ерекшелігіне қарай жəне 
тау жыныстары қабаттарының орналасу жағдайына байланысты 
тектоникалық құрылымдардың негізгі түрлері ажыратылады.
Тау жыныстарының бастапқы жазық бағыттағы жату жағдайы-


128
ның бұзылуын – дислокация (латын тілінде dislokatio – орын ауы-
стыру деген мағына береді) деп атайды. 
Тектоникалық дислокациялар жалпы екі топқа бөлінеді – 
қатпарлы немесе пликативті дислокация (латынша plicatio – бүктелу 
деген сөз) жəне үзілмелі немесе дезъюнтивті (латын тілінде disjunctio 
– ажырау деген мағына береді) дислокациялар. Қатпарлы дислокация 
тау жынысы қабаттарының иілуі барысында өз тұтастығын сақтап, 
қатпарлануы нəтижесінде қалыптасады.
Қатпарлы деформациялардың қарапайым түрлері антиклиналь 
жəне синклиналь құрылымдары деп аталады. Бұлар қабаттардың 
толқын тəрізді иілуінен пайда болады. 
Қатпарлы құрылымдар жату пішініне байланысты сызықты 
жəне үзілмелі болып екі түрге бөлінеді. Созылмалы қатпарлардың 
ұзындығы көлденеңінен əлдеқайда артық, сондықтан олар бір-біріне 
параллель бағытта ұзаққа созылып, геосинклинальдық аймақтарда 
құрайды. 
Қатпарлы аймақтардың жер бедері тек қана қатпарлардың 
түрлеріне жəне олардың аумағына ғана емес, сонымен қатар 
тау жыныстардың құрамы мен сыртқы күштер əрекетінің 
қарқындылығына жəне тектоникалық жағдайларға байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет