Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет74/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Ойлаңыз, менде жүрек, менде жан бар,
Жүрегімде өмір бар, ыстық қан бар.
Үміт бар, махаббат бар, жек көру бар,
Бəрі де байдікіндей байқасаңдар.
Байлықтан басы айналып, өз буына өзі піскен байдың бойынан 
табылмаған ізгіліктің, биік рухтың кедей бойынан табылуынан 
ақынның кедейдің адамдық бағасын, оның еңбекшіл рухын танытуға 
баса көңіл аударғанын аңғарамыз. Керісінше, кедей кейіпкердің 
Жақып құрдасы өзгенің еңбегін пайдаланудан басқа қоғамға берер 
пайдасы жоқ, бойынан іліп алар қасиет табылмас – тірі өлексе. Одан 
қоғамға да, адамға да еш пайда жоқ. 
Ақын лирикалық кейіпкерінің бойындағы отты жігерді, қайсар 
мінезді көрсете отырып, оның алдан күткен үмітті болашағына 
сенеді. Өйткені лирикалық қаһарман поэма соңында берік байламға 
келіп, жаңа жолға – бақыт жолына нық қадам жасайды.
Жол қайсы құдай салған, шайтан салған,
Білмеймін осы жері маған арман.
Мейлі Құдай берсін, шайтан берсін,
Мақсатым – оқу оқу көңіліме алған.
...Жүрегімді белгісіз нəрсе қысып,
Шақырып тұр, мінеки кетім сонда.
Даладан да, қаладан да бақыт таппаған кедей бақыт бағдарын 
енді айқындайды. Санасындағы сəуле оны өзге əлемге жетелейді. 
Сұлтанмахмұт сомдаған лирикалық кейіпкердің өмірі тамұқ 
болғанымен, мақсаты анық. Бұл кемел суреткер жасаған шынайы 
көркемдік шешім еді.
Ақынның 1919 жылы жазған екі поэмасы бар. Бірі – “Қайғы”, 
екіншісі – “Айтыс”. “Қайғы” көлемді шығарма болса керек. Бірақ 
оның небəрі 28 жолы сақталған.


224
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірінің соңына қарай жазған
аяқталмай қалған шығармасының бірі – “Айтыс” поэмасы. Ақынның 
өз заманында айтқан өткір пікірлері кеңестік тұстағы идеологияға 
сай келе бермегені анық. Өйткені поэма ақын қаламынан 
1919-1920-жылдары туып, 1922 жылғы “Адасқан өмір” мен 1933 
жылғы “Толық жинақта” жарияланса, одан кейін ұзақ жылдар бойы 
баспа бетін көрген жоқ. 
Қарап отырсақ, “Айтыс” жазылған жылдар да қазақ тарихының 
бір алмағайып тұсы. Азамат соғысының құқайын көріп, ақ пен 
қызыл салған соғыс өртінің ортасында қалған қазақ жұрты енді-енді 
есін жиып, кеңестік өкіметті мойындап, социалистік өмір салтына 
қадам басқан шақ. Ескіден қол үзе алмай, жаңаға бет түзей алмай 
қиналған сəт. Ертеңге көш түзеген ел керуені өткеннен не алмақ
ата-бабадан қалған асыл мұрадан нені өнеге тұтпақ, келешекке не 
апармақ?.. Неге қарап бой түземек?! Міне, ақынға қалам алдырған 
осы ойлар болуға керек. Замана қалыбына шошына қараған ақын 
денсаулығының нашарлығына қарамай, қалың қазаққа ортақ ой та-
стар сөз қозғайды. 
Қашанда жаңалыққа жаны құмар, өз шеберлігін сынақтан 
өткізуден 
тайсалмайтын, 
үнемі 
ізденіс 
үстінде 
жүретін 
Сұлтанмахмұт «Айтыс» поэмасын жазуға өзгеше тəсіл іздеген 
тəрізді. Көкейдегі көрікті ой көкірекке қону үшін ел əдебиетінде 
ежелден келе жатқан сан ғасырлық дəстүрі бар айтыс үлгісінен өрнек 
тартқан. Сөйтіп дала ақыны мен қала ақынының айтысы арқылы өз 
ұлтының болмысындағы жақсылықты дəріптеп, жамандықты сы-
нап, елді ертеңге жеткізер жақсы дəстүрді, озық үлгіні өнеге тұтуға 
шақырады.
Поэмада көрініс тапқан екі ақынның да көздеген мақсаты айқын. 
Ол – ел қамы, ұлт қамы, қазақ қамы. Оған əр қайсысы өз көзқарасы 
тұрғысынан келеді. Біздіңше, Сұлтанмахмұттың автор ретіндегі 
көзқарасы дала ақынына жақын сияқты. Өйткені дала ақынының 
сөздерінен Сұлтанмахмұттай дала ұланының қаны да, жаны да 
сезіліп тұр. Сардалаға деген сағынышы басылмай өткен ақиық 
ақынның жүректегі шері мен көкейдегі мұңы, азаттықты аңсаған 
арманы мен ұлтжандылық сезімі осы поэманың өнбойында өріліп 
жатыр жəне ол көбіне-көп дала ақынының толғанысында бүршік 
ашып , гүл жарады. Олай болса дала ақынынан Сұлтанмахмұтты, 
Сұлтанмахмұттан дала ақынын бөліп қарауға болмайды. 
Жоғарыда атап өткеніміздей, поэмада дала ақынының сөзі 


225 
өтімділеу, ұлтжандылық рухы биіктеу болып келеді. Ол халқын, 
туған жердің тамылжыған табиғатын, ұлтының рухани қазынасын, 
қазағының бай тілін мақтан тұтып, оны кестелі көркем тілмен 
жібектей тізіп жеткізіп, шалқыған жыр төгеді. Бейнелі сурет 
көркемдігімен көз тартып, əр сөз өз орнын тауып, жүрек пен көңілді 
қатар баурап, сананы шайдай ашады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет