Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Ақын поэзиясындағы азатшыл сарын



Pdf көрінісі
бет90/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

9.3 Ақын поэзиясындағы азатшыл сарын
Өз ұлтының енжарлығы мен жалқаулығы, өнер-білім іздеп 
сілкінбеуімен күрескен А. Байтұрсынов ХХ ғасырдың басындағы 
қазақ əдебиетінде ұлт-азатшыл бағытты бастаған төл поэзиясында 
аударма арқылы насихаттаған ойларын айқындай түсіп, өршіл де 
төңкерісшіл сарындағы жалынды жырлар туғызады. Сөйтіп, қазақ 
əдебиетіндегі жаңа бағыттың бастауы іспетті “Маса” жинағы 1911 
жылы дүниеге келді. Ол – Ахметтің ақындығын кеңінен паш етіп, 
өз тұсындағы қазақ ақындарының алдыңғы қатарына шығарған ту-
ынды.
Ахмет Байтұрсынов поэзиясы азатшылдық рухымен даралана-
ды. Ол ақын ретінде қазақ поэзиясына күресшілдік сарын əкеліп, 
азаттық жырдың озық үлгісін шашты. Оның өлеңдерінің ұлт-
азатшыл рухы-мəңгілік жоғалмас ақындық үлгі болып қала бермек.
Ахмет өлеңді тікелей шығармашылықпен айналысқысы келіп, 
не болмаса ақындық атқа ие болу үшін жазбаған. “Жеті қырлы, бір 
сырлы” Ахметтей тұлғаның қадір-қасиетін, сыр-сипатын айқындай 
түсетін оның ақындық өнері –замана шындығынан, өмір талабынан 
туған құбылыс. Мұны ол ашық айтқан:
Мен жазған кеңес,
Мақтаныш емес,
Ат шығармақ ақындық.
Молда жоқта, молдалық,
Ер батқанда, жорғалық.
Осыдан көрінетіндей ақын туа біткен табиғи талантын өзінің 
алдына қойған мақсаты – саяси күрес пен ағартушылық қызметіне 
ұштастыра білген. Сөйтіп оның өлеңдері ең алдымен күрес құралы 
ретінде халқының бостандығы жолындағы үн-жарияға айналған. 
Ахмет поэзиясының осы қасиетін бұрынғы, кейінгі зерттеушілер 
тап басып тани білген.
1911 жылы Орынборда басылып шыққан “Маса” жинағындағы 
өзгеше сарынды, азатшыл рухты қазақ əдебиетін зерттеушілер 


273 
20-жылдарда-ақ таныған-ды. Сол тұстағы əдеби айналымдағы 
Ахмет творчествосы туралы пікірлердің жиынтығы Əмина 
Мəметованың “Көркем əдебиет туралы” мақаласында берілген. 
Əмина Ахаң шығармашылығын орыстың революционер-демократы 
Чернышевский творчествосымен қатар қойып: “Ахаңды мақтайын 
деуден аулақпын. Бірақ тарихтан тиісті орнын берейік дегім келеді. 
Ахаң əдебиетімізге жұмыс етпеді ме? Қолыңнан келгенінше заманы-
на қарай жалтыраған түймесін жұлып тастап, құл болған, теңдіксіз 
болған, жұрт екен деп есепке алынбаған қазақ жұртына заманына 
қарай көре білгенше, түсінгенше жөн сілтемеді ме?” – деген орынды 
ой айтады.
Өз өлеңдерінде А. Байтұрсынов өнер-білімнің шынайы құді-
ретіне табынуға, олардың қадір-қасиетін атақ пен шен, мансап пен 
байлық көзіне айналдырмауға үндеп, Абай тағлымын əрі қарай 
жалғастырады. Абай дəстүрін жол тұтқан Ахмет өз өлеңдерінде 
надандық пен кемшілікті көріп қана қоймай, ащы шындықты сыртқа 
шығарып, сынапта алады. Қараңғылықтың құшағында мүлгіген 
халыққа: “Аш көзіңді оянып” деп қозғау салып, ұран көтереді. 
Қазақты басқан надандық пен білімсіздіктің түндігін түру үшін:
Адамдықтың диқаншысы қырға шықтым;
Көгі жоқ, көгалы жоқ – қорға шықтым.
Тұқымын адалдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге құл халықтың, –
деп, өмірлік мұратын білдіреді.
А. Байтұрсынов өлеңдеріндегі ағартушылық сипаттың өзіне 
дейінгі ақындардан өзгелеу бір астарлы сыры бар. Ақын өнер, 
білімді “таза күйінде” уағыздап қоймайды. Ол оны халықтың са-
насын оятып, өзгенің езгісіндегі тұрмысының себеп-салдарына 
көз салдырар бостандыққа ұмтылудың нұрлы сəулесі деп санайды. 
Бостандық ұғымы бұрынғы поэзияда басты ой нысанасы болып 
көрінбесе, Ахмет өлеңдерінде ол негізгі тақырып, өлеңге өзек бо-
лар ойдың “темірқазығы” іспеттес. Абай, Ыбырай туған халқының 
тағдырына күйзеліп, озық кеткен өзге халықтармен иық тірестіруді, 
“тіл ұстартып, өнер шашпақтан” іздесе, Ахмет оны бостандық үшін 
күреспен байланыстырады. Оның өзіне дейінгі саңлақ ақындардан 
бір қадам ілгері басқандығы да, поэзиясының салмақтылығы мен 
құдіреті де осында. Ахаңның “Досыма хат”, “Жиған-терген”, “Анама 


274
хат”, “Жауға түскен жан сөзі”, “Жауап хаттан” жəне т.б. өлеңдерінің 
тегеурінді қуаты осы бір ұқтырар ой аңғарында жатыр.
1923 жылы А. Байтұрсыновтың елу жылдық мерей тойына 
арналған мақаласында қазақ əдебиетінің классигі М. Əуезов: “…
Ахаңның майданға алғаш жыры шығып, əдебиет, саясат жолын-
да жол бастаған күндері бəріміздің есімізде… Ахаңның бұрынғы 
айтқан сөзін қазақ даласы əлі ұмытқан жоқ. Өлеңдегі белгілі са-
рын əлі ескірген жоқ. Əлі күнге қазақ даласының күшті санасы бо-
лып, арқаның қоңыр желімен бірге есіп, шалқып жатыр” деп, оның 
поэзиясындағы азатшылдық идеяны ту көтерген өлең жолдарының 
тот баспас асылдығын танытқан еді.
“Маса” жинағына енген өлеңдерден, əсіресе, кейінгі басылымда-
рына енген өлеңдерінен төңкерісшіл рух, 1905-1907 жылдардағы са-
яси толқулар мен рухани сілкіністерден қанаттанған тасқын күштің 
серпілісі ұшқын шашады. Ақын өлеңдеріндегі төңкерісшілдік са-
рын өлең жолдарындағы ішкі тегеурінде ширыққан шымыр ойлар 
арқылы білінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет