10.2 Харди-Вайнберг формуласының қолданылуы
Ол арқылы популяцияның генетикалық құрылымын талдауға
болады. Доминантты белгі бойынша популяциядағы гомо жəне ге-
терозиготалы генотиптердің жиілігін фенотипі айқын байқалатын
рецессивті гомозиготалы дарабастардың (аа) саны арқылы Харди-
Вайнберг формуласын пайдаланып, есептеуге болады.
68-eсеп. Мысалы, 5000 қойдан құралған популяцияда 2 соқыр
қозы туылды. Кемістік рецессивті геннің əсері екенін пайымдау
қиын емес, яғни соқыр қозылардың генотипі – аа.
Харди-Вайнберг формуласы арқылы осы генотиптің отардағы
жиілігін табамыз.
q
2
aа = n
aa
: N= 2:5000 = 0,0004.
Енді рецессивті геннің жиілігін табуға болады: q
а
=0,02. Доми-
нантты геннің жиілігін анықтау үшін p+q=1 теңдеуіне жүгінеміз:
p
а
=1-q
а
=1-0,02=0,98. Екі аллельдің де жиілігі белгілі болғандықтан,
Харди-Вайнберг формуласын пайдаланып, зерттеп отырған ло-
кус бойынша популяцияның теориялық генетикалық құрылымын
анықтаймыз:
АА = р
2
= 0,98
2
= 0,9604 (95,04% немесе 4802 бас)
Аа = 2pq – 2 х 0,98 х 0,02 = 0,0392 (3,92% немесе 196 бас)
аа = q
2
= 0,02
2
= 0,0004 (0,04% немесе 2 бас).
Есептеудің дəлдігін тексеру үшін генотиптердің жиілігін қосу
керек. Олардың қосындысы 1-ге тең болса есептеу дұрыс деп сана-
лады. Біздің мысалымызда генетикалық кемістің гені бар гетерози-
готалы малдың саны 196 басқа тең.
Үш аллельді локус (оларды А
1
, А
2
, А
3
деп, жиіліктерін р, q жəне
r деп белгілейік) бойынша генотиптердің арақатынасы былайша та-
ралады:
(p
А1
+ q
А2
+ r
А3
)
2
= p
2
А1А1
+ q
2
А2А2
+2 p
А1+
q
А2
+2 p
А1
r
А3
+2 q
А2
r
А3
Мұндағы генотиптердің арақатынасы Харди-Вайнберг заңына
p + q + r = 1 немесе p + q + r = 1 немесе (p + q + r)
2
=1 формуласына
сəйкес келеді.
|