254
Гемизигота – гетерогаметалы жыныстың генотипінде жалғыз күйде
болатын ген.
Гемиглобинопатиялар – гендік мутация нəтижесінде гемоглобиннің
қалыпты құрылысының өзгеруі салдарынан пайда болатын (орақ пішінді
жасушалық анемия).
Гемофилия – қанның ұйымауы. Аурудың гені (рецессвиті) Х – хромо-
сомада орналасқан.
Ген – ағзаның белгілері мен қасиеттеріне өзіне тəн ерекшелікпен əсер
етуші, белгілі бір функциясы бар, хромосоманың кішіректеу учаскесі.
Генетика – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік құбылыстарын
зерттейтін биологиялық ғылым.
Гендер ағыны – дарабастардың миграциясы арқылы популяциялар
арасындағы гендердің алмасуы.
Гендер банкі (кітапханасы). Рекомбинатты
ДНҚ негізінде алынған осы
ағзаның гендер жиынтығы.
Геном – өздерінде орналасқан гендерімен қоса хромосомалардың
гаплоидтық жиынтығы.
Ген-оператор – іске қосушы жəне үзіп тастаушы механизм ретінде
қызмет атқарушы ген. Реттеуші геннің (ген-регулятор) əсерімен белгілі
белоктардың, ферменттердің синтезделуін іске қосады немесе үзіп
тоқтатады.
Ген – ингибитор-фенотипке тікелей əсер
етпейтін, бірақ басқа аллельді
емес геннің істерін тежейтін ген.
Генетикалық карта – жеке гендердің хромосомада орналасу схемасы.
Генетикалық рекомбинациялар жəне мутантты сайттардың комплемента-
циялары бойынша тəжірбиелер негізінде жасалды.
Генетикалық талдау – ағзаның тұқым қуалау қасиеттерін зерттеу
əдістерінің жиынтығы.
Генетикалық жүк – идивидумдардың
немесе популяциялардың
бейімделгіштігін азайтатын генетикалық бұзылулар.
Генетикалық код – нуклеин қышқылдары молекуласындағы тұқым
қуалау информациясының жазылу жүйесі.
Гендік мутациялар – мутацияға ұшыраған гендердің молекулалық
молекулалық құрылымының өзгеруі.
Гендік топ –
тығыз тіркескен гендер тобы, гендер жүйесі. Осы кешенді
жүйенің теңесушілігінің күштілігі сонша, мутациядан өзгерген əр ген бүкіл
жүйеге əсерін тигізеді.
Генотип – организмнің хромосомаларында орналасқан барлық
гендердің жиынтығы.
255
Генофонд – белгілі бір популяцияны құрайтын дарабастардың бəрінің
гендерінің жиынтығы, нəсілдер мен түрлер үдерісінің
шешуші негізі болып
табылады.
Гендер дрейфі – немесе генетикалық автоматтық үдерістер. Кездейсоқ
себептердің, мысалы, популяциялар көлемінің азырақтау болуынан
популяциядағы гендер немесе аллельдер жиілігінің өзгеруі.
Гетерогаметалық – мейоздық бөліну кезінде жынысты анықтауға əсер
ететін гаметалардың екі типін түзеуші (Х жəне У хромосомалары бар) жы-
ныс.
Гетерозигота – генетикалық əртүрлі жасушалар беретін дарабас.
Оның гомологтық хромосомаларының тиісті локустарында əртүрлі аллель-
дер болады.
Достарыңызбен бөлісу: