Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет46/113
Дата11.04.2024
өлшемі3.34 Mb.
#498392
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113
burunbetova-genetika

108
5. ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ƏРЕКЕТТЕСУІ
Бұрынғы қарастырылған фенотип бойынша ажыраулардың 
нəтижелері геннің екі аллельдік жағдайының мысалы, бұршақта ген 
А-а жəне В-в болатындығы ескеріле отырып түсіндірілді. Бірақ біраз 
гендердің бірнеше немесе одан да көп аллелльдері болады. Мұны 
геннің көп аллельділігі деп атайды. Көп аллельділік жағдайында га-
метада немесе спорада белгілі бір геннің тек жалғыз ғана аллелі, ал 
жоғары сатыдағы өсімдіктердің жəне жануарлар мен адамның дене 
жасушаларында ондай геннің екі аллелі болатындығы анық.
5.1 Комплементарлылық
Комплементарлы немесе толықтырушы деп өз алдына жеке 
келгенде əсері байқалмайтын, ал егер генотипте гомозиготалы не-
месе гетерозиготалы жағдайда басқа біреуімен қатар келсе жаңа бір 
белгінің дамуына ықпал ететін гендерді атайды. Комплементарлы 
ген деп, гомозиготалы немесе гетерозиготалы жағдайда ата-ана-
сында жоқ жаңа бір белгінің пайда болуына əсер етуші аллельсіз 
гендерді айтамыз. Комплементарлы гендер бірін-бірі толықтырады 
жəне жаңа белгінің дамуын қамтамасыз етеді. Өз алдына жеке кел-
генде комплементарлы гендердің əсері байқалмайды.
Гендердің комплементарлы əсері алғаш рет хош иісті жұпар 
бұршақта (Lathiris odoratus) зерттелген, оны Бэтсон мен Пеннет 
ашқан.
Жұпар бұршақтың ақ гүлдері бар екі сортын будандастырғанда 
Ғ
1
будандардың гүлдерінің түсі қызыл болып шығады.
Ғ

өсімдіктерінің өздігімен тозаңдануынан алынған Ғ

ұрпағы 9 
қызыл : 7 ақ гүлділер қатынасына ажырайды. Бұл жағдайда гүлдің 
қызыл түсін екі комплементарлы доминантты гендер (С мен Р
бірігіп анықтайды. Ата-аналық формалардың генотиптерін ССрр 
жəне ссРР деп белгілеуге болады. Жеке-жеке С жəне Р доминант-
ты гендері белгіге (гүлдің түсіне) ешқандай əсер етпейді жəне сон -
дық тан да ата-аналарының екеуінің де гүлдері ақ түсті болады. 
Ал бірінші будан ұрпақта (Ғ
1
) доминантты екі геннің де болуына 
(СсРр) байланысты, олардың өзара əрекеттесуі нəтижесінде гүлдер-
дің қызыл түсі дамиды. Ғ
2
-гі барлық өсімдіктердің 9/16 бөлігі қызыл 
гүлді болады (генотиптері С-Р-); кəдімгі дигибридті будандастыру -


109
ларда байқалатын фенотиптік үш класқа жататын ұрпақ тар бұл жа ғ-
дайда өсімдіктердің ақ гүлді бір ғана типіне бірігеді (3/16 С-рр+3/16 
ссР-+1/16 ссрр=7/16). Ғ
2
-де фенотип бойынша 9:7 қатынасындай 
болып екі фенотиптік класқа ажырау əдеттегі Мендельдік 9:3:3:1 
қатынасының өзгерген түрі келесі суретте көрсетілген. 
Аллелді емес гендердің мұндай əсерін кейде толықтырушы 
əрекеттесу деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет