111
реципрокты түрде тежей алады, яғни аа>В-ны, ал, вв>А-ны
дегендей. Осындай екі тежеуші рецессивті гендердің өзара
əрекеттесуін
қос рецессивті эпистаз деп атайды.
Бұл жағдайда
дигибридті будандастыру кезінде фенотип бойынша ажыраудың
арақатынасы гендердің комплементарлы жолмен əрекеттесуінде-
гідей 9:7 болады.
Доминанты эпистаз деп доминанты бір геннің қызметін оған
аллелді емес басқа бір доминанты геннің басып тежеуін айтады.
Тауық қауырсындары түсінің кейбір тұқым қуалауы доминанттық
эпистазға жақсы мысал бола алады.
Тауықтардың əртүрлі тұқымдарында қауырсындарының ақ болу-
ын бірнеше ген анықтайды. Мысалы, доминанты ақ түсті (ақ лег-
горондарда) ССІІ гендері, ал рецессивті ақ түсті (ақ плимутроктар-
да) – ссіі гендері анықтайды.
Сонда С гені пигменттің болуын, яғни
қауырсынның боялуын, ал оның с аллелі пигменттің болмауын,
соған сəйкес қауырсынның боялмауын анықтайды. І гені С генінің
əсерін тежегіш болып есептеледі де, і аллелі оны тежей алмайды.
Құстың генотипінде І генінің тіпті бір ғана дозасы болғанның өзінде
де бояуды анықтайтын гендердің əсері байқалмайды. Ол
төменгі
сызбажобада көрсетілген.
Р ♀
ССІІ х ♂ ссіі
Ақ
қауырсынды
Ақ
қауырсынды
леггорндар
плимутроктар
Ғ
1
СсІі
Ақ қауырсындылар
Ғ
2
9/16 С-І-
3/16С-іі
3/16 ссІ-
1/16ссіі
Ақ
Бояулы
Ақ
Ақ
қауырсынды қауырсынды қауырсынды қауырсынды
13:3
Яғни, Ғ
2
-де генотиптері С-І балапандардың түсі ақ болатын
себебі І гені бояуды анықтайтын С генінің əсерін басып тастайды.
Генотиптері ссІ балапандардың түсі ақ болатын себебі доминант-
ты эпистазды І гені бар бояуды анықтайтын
екінші доминанттық
С гені жоқ болғандықтан. Генотиптері ссіі балапандардың түсі
ақ болу себебі де пигменттің түзілуіне қажетті доминантты С
генінің жоқтығынан. Тек генотиптері С-іі балапандардың ғана
112
қауырсындары боялған болады, себебі олардың генотиптерінде
боялуды
анықтайтын С гені бар, ал оның əсерін басып тастайтын
доминантты ген І жоқ. Сондықтан тауықтың ақ қауырсынды екі
тұқымдарын
леггорндар мен
плимутроктарды будандастырса, Ғ
1
будандары негізінде ақ түсті болады. Гибридтердің бірінші ұрпағын
өзара будандастырса Ғ
2
-де ажырау 13 ақ : 3
боялған қатынасында
анықталады.
Аллельді емес доминантты ген де фенотипке ингибиторлық
əсер етуі мүмкіндігі қара жəне сұр түсті гүлі бар сұлы өсімдіктерді
будандастырғанда, бірінші ұрпақта бірыңғай қара түсті гүлі бар
сұлы өсімдіктері алынған.
Оларды өзара будандастырғанда Ғ
2
-де өсімдіктердің 12/16-сы
қара, 3/16-сы сұр жəне 1/16-сы
ақ гүлді болып ажырағанын көреміз
(11
Достарыңызбен бөлісу: