Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет56/113
Дата11.04.2024
өлшемі3.34 Mb.
#498392
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113
burunbetova-genetika

33-есеп. Бөрі бұршақта алкалоидтың түзілуі A жəне L компле-
ментарлы гендермен бақыланады. Егер генотипте бір немесе екі жұп 
рецессивті аллельдер болса, өсімдікте алкалоидтар түзілмейді. Ал-
калоидсыз өсімдіктерді өзара будандастырғанда Ғ
1
-де алкалоидты 
өсімдік алынады. Ал Ғ
2
-де 321 өсімдікте екі фенотип класы түзіледі: 
алкалоидты жəне алкалоидсыз. 
1. Ғ
1
-де қанша буданы қанша гамета түзеді?
2. Ғ
2
-де қанша алкалоидты өсімдіктер алынады?
3. Ғ
2
-де қанша генотип бар?
4. Ғ
2
-де қанша алкалоидсыз өсімдіктер ұрпағында ажырамайды?
5. Ғ
2
-де қанша алкалоидты өсімдік бір аллелі бойынша гетерози-
готалы болады?
34-есеп. Сұлының кейбір сорттарының гүл қабыршағының 
түсі эпистаздық гендердің өзара əсерімен анықталады. Доминант-
ты А гені қабыршақтың қара түсін анықтап, қабыршақтың сұр 
түсін анықтайтын В геніне эпистаздық əсер етеді. Рецессивті а гені 
қабыршақтың ақ түсінің дамуына жауап береді де, рецессивті b 
аллелі қабыршақтың түсіне ешқандай əсер етпейді. Генотипі Аавв 
жəне ааВb ата-аналық жұпты будандастырып, 440 будан алған.


123
1. Осындай будандастырудан алынған ұрпақтар қанша фенотип 
класын түзеді?
2. АаВb генотипті ата-ананы өздігінен будандастырғанда 
алынған будандардың нешеуі ұрпағында ажырамайды.
3. Олардың қанша буданының қабыршағы қара түсті болады?
4. Олардың қанша буданының қабыршағы сұр түсті болады?
5. АаВb генотипті ата-ананы өздігінен будандастырғанда қандай 
генотипті будандарды береді?
35-есеп. Мақтаның доминантты В гені талшықтардың қоңыр 
түсін, ал b ақ түсін анықтайды. А гені қоңыр жəне ақ түстердің 
көрінуін тежейді де, талшықтардың түсі жасыл болады. Ал 
рецессивті а гені бояуға ешқандай əсер етпейді.
ааВВ жəне ААbb генотипті ата-ананы өздігінен будандастырып, 
Ғ
1
-де 116 өсімдік, Ғ
2
-де 800 өсімдік алған.
1. Ғ
1
-де қанша өсімдік жасыл талшық болады?
2. Ғ

-де қанша фенотип кластары болуы мүмкін?
3. Ғ

-де қанша өсімдік ұрпағында ажырамайтын ақ түсті 
өсімдіктерді береді?
4. Ғ

-де қанша өсімдіктің түсі жасыл болады?
5. Ғ

-дегі жасыл түсті өсімдіктерді өздігінен будандастырғанда 
ұрпағында ажырамайтын қанша будан бере алады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет