Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет49/113
Дата11.04.2024
өлшемі3.34 Mb.
#498392
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   113
burunbetova-genetika

 сурет). 
Гендердің эпистаздық əсерінде Ғ
2
-де белгілердің 
ажырауы 13:3; 9:7 немесе 9:3:4 болуы мүмкін. Егер гипос 
-
татты аллельдің фенотиптік əсері доминантты эпистатты геннің 
əсеріндей болса, онда Ғ
2
-де белгілердің ажырауы 13:3 қатынасына 
тең болады.
11-сурет. Доминантты эпистаз белгілердің 12:3:1 қатынасында
ажырауы


113
Мысалы, жуа өсімдігінің боялуына жауап беретін пигмент эпис-
татты геннің əсерінен тежеледі. Сондықтан жуашықтың түсі ақ бо-
лады. Ақ жуашықтың екі түрін будандастыру нəтижесінде алынған 
буданның жуашығы да ақ болады.
12-сурет. Доминантты эпистаз белгілердің 13:3 қатынасында ажырауы
Бірінші
 ұрпақтың буданын өзара тозаңдандырғанда екінші 
ұрпақта 13/16 ақ жуашығы бар өсімдік, 3/16 жуашығы боялған 
өсімдік алынған (12-сурет). Кейбір белгілердің тұқым қуалауы 
рецессивті эпистаздың əсерімен де жүруі мүмкін.
Мұндай жағдайда белгінің көрінуі рецессивті аллельдермен 
тежеледі. Рецессивті эпистазда Ғ
2
-дегі белгілердің ажырауы 9:7 не-
месе 9:3:4 қатынасында болады. Сонымен, эпистазды екі типке бөліп 
қарастырады: доминантты (А>В, А>bb) жəне рецессивті аа>В, аа>bb. 
Доминантты эпистазда екінші ұрпақта белгілердің ажырау қатынасы 
12:3:1 жəне 13:3 тең болса, рецессивті эпистазда белгілердің ажыра-
уы 9:7 9:3:4 қатынасына дəл келеді.
5.3 Полимерия
Полимерия – аллельді емес гендердің өзара əрекеттесулерінің 
тағы бір түрі. Қандай да болсын бір белгінің көрінуіне бірігіп əсер 
8–1156


114
ететін аллельді емес гендерді полимерлі гендер деп атайды, ал он-
дай гендердің өзара əрекеттесуін полимерия деп атайды. Полиме-
рия құбылысын 1908 жылы швед генетигі Нильсон-Эль ашқан. Ол 
қанық қызыл жəне ақ дəнді бидай түрін будандастырып, осы белгінің 
ұрпақтарда тұқым қуалауын зерттеді. Ғ
2
-де ажырау бір жағдайларда, 
əдеттегі моногибридті будандастыру кезіндегідей 3:1 қатынасындай 
болса, ал енді бірде 15/16 қызыл дəнді, ал 1/16 ақ дəнді болып ажы-
рау байқалады. Енді бірде 3/64 қызыл да, ал 1/64 ақ дəн болған 
кезеңдер болды. Бір байқалғаны,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет