Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет54/113
Дата11.04.2024
өлшемі3.34 Mb.
#498392
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   113
burunbetova-genetika

есептер жинағы:
23-есеп. Хош иісті бұршақ гүлінің қошқыл қызыл түсі екі ком-
плементарлы доминантты А мен В гендерінің өзара əрекеттесуі 
арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің бірі жоқ болса, 
қызыл пигмент түзілмейді де, өсімдіктің гүлінің түсі тек ақ бола-
ды. Генотипті төмендегідей болып келген өсімдіктердің гүлдерінің 
түсін анықтаңдар: Аавв; ааВВ; ААВв; АаВв; ааВв; ААВВ.
24-есеп. Мына төмендегі жолдармен будандастырудың 
нəтижесінде Ғ
1
-дегі алынған будан өсімдіктердің фенотиптерін 
анықтаңдар: ААвв х ааВв; АаВв х АаВв; ААвв х Аавв; ААвв х ааВВ.
25-есеп. Құндыздың жабайы типіне тəн болып келетін терісінің 
қоңыр түсін екі доминантты ген А жəне В анықтайды. Осы екі геннің 
біреуінің рецессивті аллелі бойынша гомозиготалы болса, сұр түс 
береді. Екі сұр түсті құндыздарды будандастырғанда Ғ
-1
-дегі ұрпақтың 
барлығы да қоңыр болып шықты. Ата-аналық жұптың генотиптерін 
жəне Ғ
-2
-дегі болатын ажыраудың сипатын анықтау қажет.
26-есеп. Сұлы түсінің қара түсін доминантты А гені, ал сұр түсін 
доминантты В гені анықтайды. А гені В геніне эпистазды, яғни 
А гені бар жерде В гені қызмет атқармайды. Зиготада доминант-
ты гендердің екеуі де жоқ болса, тұқымның түсі ақ болады. Мына 
төмендегідей генотиптері бар өсімдіктердің дəндерінің түстерін 
анықтаңыздар: ааВв; аавв; Аавв; АаВв; ААВв; ааВВ; АаВВ.
27-есеп. Қара тұқымнан өсіп шыққан сұлы өсімдігін өздігінен 
тозаңдандырғанда 12:3:1 қатынасындай болып қара, сұр жəне 
ақ түсті дəндер алынған. Бастапқы өсімдіктердің генотиптерін 
анықтаңыздар.
28-есеп. Тышқандардың рецессивті с гені альбинизмді 
анықтайды. Доминантты аллель С жүнді бояйтын пигменттердің 
синтезін реттейді. А жəне а гендері жүн талшықтарының өне бойына 


121
пигментердің таралуын қамтамасыз етеді: а гені біркелкі боялуына
ал А гені жүннің қара түске боялуымен қатар оның ұшында сақина 
тəрізді сары пигменттің түзілуіне əсер етеді. Генотиптері ССаа
ССААссАА, ссаа тышқандардың фенотиптерін анықтау керек.
29-есеп. Бидайдың кейбір іріктемелерінде дəннің қызыл түсін 
екі жұп полимерлі доминантты гендер бақылайды. Екі доминант-
ты ген гомозиготалы жағдайда болса (А
1
А
1
А
2
А
2
), қошқыл қызыл 
түсті дəн береді, жалғыз доминантты ген (А

немесе А
2
) дəнге əлсіз 
қызыл, екеу болса – қызғылт, үшеу болса – қызыл түс береді. Ал 
рецессивті гомозигота болса (а
1
а
1
а
2
а
2
) дəндерінің түсі ақ болады. 
Мынадай генотиптері бар өсімдіктер қандай типті гендер түзе алады: 
А
1
А
1
А
2
А
2 
а
1
а
1
А
2
А
2
, А
1
А
1
а
2
А
2
, А
1
А
1
а
2
а
2
, А
1
а
1
а
2
а
2
, а
1
а
1
а
2
а
2
, А
1
А
1
а
2
а
2

а
1
а
1
А
2
а

, А
1
а
1
А
2
а

.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет