Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет55/113
Дата11.04.2024
өлшемі3.34 Mb.
#498392
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113
burunbetova-genetika

30-есеп. Арпаға жасыл бояу беретін хлорофилдің түзілуін екі 
доминантты комплементарлы гендер А мен В бақылайды. Егер 
өсімдіктің генотипінде А-bb немесе ааbb болса, онда хлорофилл 
түзілмейді де, ол ақ болады. Ал, егер генотипте ааВ- болса, онда 
өсімдік сары түске боялады.
Жасыл түсті гетерозиготалы өсімдіктерді будандастырып, 516 
ұрпақ алған.
1. Қанша будан ақ түсті болады?
2. Қанша будан сары түсті болады?
3. Жасыл өсімдіктердің қаншасы екі геннен гетерозиготты бола-
ды?
4. Жасыл гетерозиготалы өсімдікті жасыл гомозиготалы 
өсімдікпен будандастырғанда, алынған 124 буданның қаншасы жа-
сыл болады?
5. Оның ішінде қаншасы гомозиготалы болады?
31-есеп. Жүгерідегі алейрон түсі комплементарлы гендердің А 
жəне Р өзара əсерімен анықталады. Доминантты күйінде осы гендер 
алейрон қабатының күлгін түсін анықтаса, рецессивті күйінде алей-
рон қабаты боялмайды. Егер генотипте доминантты комплементар-
лы аллель А жəне рецессивті р кездессе алейрон түсі қызыл болады. 
Басқа жағдайлардың барлығында ақ түсті болады. Боялмаған алей-
рон қабаты бар екі жүгерінің линияларын будандастырғанда, Ғ
1
-де 
алейрон қабаты боялған 24 өсімдік, Ғ
2
-де 160 өсімдік алынған. 


122
1. Ғ
2
-де қанша буданның алейрон қабаты боялады?
2. Ғ
2
-де қанша фенотип бар?
3. Ғ
2
-де қанша генотип бар?
4. Ғ
2
-де қанша гомозиготалы өсімдіктің алейрон қабаты 
боялмаған болады?
5. Қанша гомозиготалы өсімдіктің алейрон қабаты боялған бо-
лады?
32-есеп. Баклажан өсімдігі жемісінің көк түсі комплементарлы 
D жəне P гендермен анықталады. Қалған жағдайлардың барлығында 
доминантты жəне рецессивті аллельдерінің қатынасында жемістің 
түсі ақ болады. Екі гомозиготалы ақ жемісті будандастырғанда Ғ
1
-
де 157 өсімдік алынған. Бірінші ұрпақты гомозиготалы рецессивті 
аллельдері бар өсімдікпен будандастырғанда 380 будан алынған.
1. Ғ
1
буданы қанша типті гамета түзеді?
2. F
a
өсімдіктерінде неше түрлі генотип бар?
3. F
a
өсімдіктерінде неше түрлі фенотип бар?
4. F

қанша өсімдік көк жемісті?
5. F

ақ жемісті өсімдіктің қаншасы ұрпағында ажырамайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет