138
жүйесін
реципрокты будандастыру (А х В жəне В х А) деп атайды.
Реципрокты будандастыру плазмагендерді
немесе цитоплазмалық
гендерді зерттеу үшін де қолданылады.
Қызыл көзді аналық шыбын мен ақ көзді аталық шыбынды
будандастырғанда Ғ
1
ұрпағында алынған шыбындардың барлығы
қызыл көзді болып шықты, ал Ғ
2
ұрпақтарында 3:1 қатынасындай
қызыл жəне ақ көзді шыбындар алынды. Бұл «ақ көзді»
белгі «қызыл көзді» белгіге қарағанда рецессивті екендігін көрсетеді,
яғни қызыл көзділік доминаттылық көрсетеді.
Қызықты болған
жағдай Ғ
2
ұрпақтарының арасында ақ көзді белгіні тек аталық шы-
бындар алса, ал қызыл көзді белгілі шыбындардың арасында аналық
жəне аталық шыбындардың арақатынасы 2:1 тең болғандығы.
Реципрокты будандастырудың Ғ
1
ұрпағында 1:1 қатынасындай
ажырау алынады. Бұл жағдайда барлық аналық дарабастар қызыл
көзді
белгіні алса, барлық аталық дарабастар ақ көзді белгіні алады
(14-сурет).
«Ақ көзді» белгінің рецессивті болуына қарамастан жəне ақ
көзді шыбындар линиясын өзара будандастырғанда белгінің ажыра-
уы байқалмайды, «қызыл көзді» шыбындар да дəл осындай қасиет
көрсетеді.
Бұндай тұқым қуалау
крис-крос тұқым қуалау деп аталады:
ұлдары аналарының, ал қыздары əкелерінің белгілерін алады.
Бұндай будандастыруда Ғ
2
тең қатынаста, қызыл көзді аталықтар мен
аналықтар жəне ақ көзді аталықтар мен аналықтар пайда болады.