Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет70/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131
boribekova-kazirgi

Жұмыс 
түрлері
Қашан?
Не үшін?
Не жүргізіледі?
Қалай?
Сабақ 
үстіндегі 
жұмыс
- оқушының 
даму 
деңгейінің 
əрі қарай 
дамуының 
жақын 
аймағын
анықтау;
- үнемі 
оқушының 
пəндерді 
меңгеруін, 
нəтижелерін 
есепке алып 
отыру, диаг-
ностикалау
- ақыл-ой 
дамуының 
артта 
қалмауы 
үшін, пəнді 
мезгілінде 
оқып отыруы 
үшін.
- сыныпта 
микро-климат 
жасау;
- іс-əрекетті 
алгоритмдеу;
- сабақтан 
қалуға 
байланысты 
білімдегі 
олқылықтарды
болдырмау;
- қызығуды 
арттыру; 
- оқытудың 
мотивтерін 
қалыптастыру.
- бақылау кар-
тасы;
- жұмысқа 
жап-пай сұрауды 
қосу;
- топтарда 
жұмыс істеу, 
дайындық 
кеңестері, 
білімді түзету 
сабақтары, тірек 
конспектілері, 
пəндер бойынша 
жаднамалар, 
карточкалар. 
Сабақтан 
тыс жұмыс
-қиындықтар 
туған кездері: 
1) жаңа мате-
риал меңгеру 
кезінде;
2) білімдегі 
олқылықтар-
ды анықтаған 
кезде. 
- үлгермеу-
шілікті 
болдырмау; 
- білімдегі 
олқылық-
тарды жою;
- оқу 
мотивтерін, 
қызығуды 
қалыптас-
тыру.
- нашар үлгеру-
шілермен 
жұмыстағы 
жеке тұлғалық 
əдіс.
- жеке жəне 
топтық кеңестер;
- үй тапсырма-
сын орындауға 
көмектесу;
- үйірмелерге 
қатысу;
-шығарма-
шылық 
тапсырмалар.


154
155
Тəрбие 
жұмысы
- пəн 
мұғалімде-
рінің бақы-
лауына үнемі 
сүйеніп 
отыру.
- оқушының 
тұлғасын 
қалыптас-
тыру; 
- оқу 
мотивтерін, 
қызығуды қа-
лыптастыру.
- жеке-тұлғалық 
əдіс; 
- мəдениетті 
орта туғызу.
- үйірмелерге, 
жорықтарға, 
өзін-өзі 
басқаруға тарту;
- сынып сағатта-
рын өткізу;
- қызығуына 
сүйену.
Ата-
аналар-
мен 
жұмыс
- үй тап-
сырмасын 
орындама-
ғанда, 
сабақтан 
қалғанда, т.б.; 
- жұмыс 
үздіксіз 
жүреді.
- ата-
аналарға 
педагогика-
лық көмек 
көрсету;
-үлгермеу-
шіліктің 
себептерін 
анықтау; 
- балалардың 
біліміне де-
ген бірыңғай 
талаптардың 
сақталуы.
- оқушының 
түрін жəне 
үлгермеу 
себептерін 
анықтау; 
- үлгірмеу-
шілікті 
болдырмау 
жөніндегі ата-
аналарға кеңес. 
- мұғалімдерге 
арнап үнемі 
семинарлар 
ұйымдастыру;
- ата-аналарға 
талаптарды 
түсіндіру. 
- ата-аналарды 
педагогикалық 
сауаттандыру; 
- түзету жұмыс-
тары; 
- жеке 
жұмыстар.
 
Сабақ – тек оқу үдерісі емес, шығармашылық, ойын сабақ 
түріндегі балалар өмірінің жетекші формасы.
Сөйтіп, оқытудың тиімді əдіс-тəсілдерін өз орынында қолдану 
арқылы тұғаның бойындағы қабілеттерін аша отырып, рухани 
құндылықтарын байыта түсуге толық мүмкіндік туғызуға
болатындығы анықталды.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты мен 
əдістерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
2. Ынтымақтастық педагогикасы мен білім беруді ізгілендіру 
технологияларының бір-бірінен айырмашылықтары қандай екендігін 
Венн диаграммасы бойынша салыстырыңыз.
3. Бастауыш мектептің пəндерін оқытуда білім беруді 
ізгілендіру технологиясын пайдаланудың тиімділігін көрсетіңіз
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Амонашвили Ш. Основы гуманной педагогики. – М., 2001.
2. Амонашвили Ш. Актуальные вопросы гуманной педагогики. 
– М., 2002.
3. Шаукенова Н. Р. Жалпы білім беретін мектепті қайта құру 
жағдайын ынталандыру педагогикасы. – Алматы, 2011.
4. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология-
лары. – Алматы, 2005.
5. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – 
Алматы, 2004.
6. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту 
құралдары. – Алматы, 2007.
7. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі 
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
8. Педагогические технологии: Методические рекомендации 
/Сост. А. П. Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им.
К. Д.Ушинского, 2002.
9. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
10. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения. – М.: Педагогика, 1990.
10.4. Адамгершілікті қалыптастыруға негізделген
əдебиетті оқыту жүйесі (Е. Н. Ильин)
«Бəрі білім арқылы келеді!» – дейді мектеп теориясы мен 
практикасы. Бірақ əдебиет сабағында танымдық нəрсе түпкі мақсат 
емес, қайта бəрінен бұрын, адамгершілік білім ретінде адамгершілік 
тақырыпты өрбітіп, өткір өріп əкетудің шарты. Əлденені, тіпті көп 
нəрсені оқушының өзі үйде өз білімін белсене жетілдіруі арқылы 
жəне ендігі жерде шамадан тыс күш жұмсамай-ақ «жинақтай» 
алады. Арнаулы білімді жеке-жара жинақтауға да болады.
Ал адамгершілікке бірлескен жағдайда ғана қол жетеді. Ұжымда 
əсіресе, тəртіптің адамның адамға қарым-қатынасының моральдық 


156
157
негіздеріне жақсы қол жеткізіледі. Адамгершілік жайт «тақырып», 
«проблематика» тасасында қулана тығылып қалмай, сабақ бетіне 
ашық қалқып шыға келгенде, балалардың кез келген тапсырманы 
ынталана орындайтынын байқайсың. Бастауыш сынып оқушылары 
оқулықты оқып, пікір таластырып, тапсырманы орындап қана 
қоймайды, сонымен бірге мектеп дəлізіндегі кабинетті безендіреді, 
түрлі ойындарды, жарыстарды да белсене өткізіп, экскурсияға 
аттанады. Ия, сабақ «сəттерімен» емес, бүкіл мəнісімен тəрбиелейді. 
Бірақ, алайда, сəттер болмайынша мəннің өзі де болмайды. Бастауыш 
сынып оқушыларын осы жерде «уыстан шығарып алмаймыз ба?». 
Сабақ – бұл жəрдем. Əлдекімге жедел жəрдем, əлдекімге 
шұғыл жəрдем, ал əлдекім əзірше күте тұрады... Бастауыш сынып 
оқушыларының мұғалімге деген зейін деңгейін, мұғалімнің олардың 
əрқайсысына əдеби кейіпкердің бір сəттік қана емес, сонымен бірге 
этикалық тағдырын оқушының көңіліне ұялататын пікірлерге деген 
ықыласының нəтижесімен айқындайды. Сол себептен де барлық 30-
40 оқушы сабақта болады.
Кез келген сабақты өткізгенде өмірлік, эстетикалық, 
адамгершілік тағылымдар болады. Тағылым ажырамастай 
ұштасқанда ғана ол тəрбие сабағына айналады.
«Кітапты сүйіңдер.. ол сіздерді... үйретеді...» М. Горькийдің бұл 
сөздерін бастауыш сынып мұғалімі өзінің оқушыларына əрдайым 
айтып отырады.
Бастауыш сынып оқушылары қандай да бір ертегіні оқып 
шығып, оның талқылауын оқушылардан күтіп отырмай, қайта 
талқылау арқылы жаппай оқып шығуға итермелеу қажет. Талдау 
арқылы талдау үшін жағдай жасалады. Ертегіні түсініп оқып шығуға 
мəжбүр ететін кітаптағы бетті тауып, оған қоса қызықты етіп талдап 
шығу керек. Бастаған бет бүкіл ертегіге баурап кететіндей болуы 
керек. Сабақта бастауыш сынып оқушыларын ертегіні оқуға қарай 
жетелеу керек. Тəжірибелі бастауыш сынып мұғалімдерінің ең 
негізгі сыры – ертегі кітабын тезірек ашып, бəрін соған бағындыру. 
Сыныппен тілдесу – кітаптағы ертегіні сөйлетпейінше қыңыр тірлік. 
Сабақтың міндеті, ертегі кітабын түгел қамту емес, қайта ішінара 
талдау арқылы оған ықылас туғызу. Кез келген бастауыш сынып 
мұғалімі сабақ барысында оқушыларды қызықтыра отырып, баурап 
əкету принципін қалыптастыруы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет