204
205
5. Нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру. Оқушылардың
нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру үшін мұғалім əр түрлі сұрақтар
қойып, жауап алу немесе сынақ жүргізуі, егер олқылықтар байқалса,
толықтырулар жасауы қажет. Əдетте бұған 5 минуттай уақыт кетеді.
Тапсырма беру
. Берілетін тапсырма оқушылардың осы сабақтан
алғаш білімін бекітумен бірге, келесі сабаққа тікелей көмегі тиетін,
даярлық негізіндегі тапсырмалар болу керек. Бұған əдетте 1-2
минуттай уақыт ажыратылады.
Қорыта
келгенде, «Нысаналы оқыту технологиясы» қазіргі
заманғы оқыту талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп
үйрену жəне өзін-өзі басқарып үйрену талабына өте жақсы үйлеседі.
Бұл оқыту технологиясының дəстүрлі оқытудан басты ерекшелігі де,
басты айырмашылығы да осында.
Достарыңызбен бөлісу: