Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет14/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   205
Акмеология

26
27
– жас ерекшелік – педалогия тұрғысында (балалар мен жастарды 
зерттейді), ересектер андрологиясы тұрғысында (студенттер мен ма-
мандарды зерттейді), геронтология тұрғысында (еңбек ардагерлерін 
зерттейді) нышандар мен қабілеттерді диагностикалау; 
– білім беру – жалпы, кəсіби жəне үздіксіз білім беру жүйесінде 
білім жəне біліктерді диагностикалау жəне дамыту; 
– кəсіби – еңбектің белгілі бір түріне кəсіби жарамдылықты, 
психологиялық дайындықты жəне оның нəтижелері үшін 
жауапкершілікті анықтау арқылы, еңбек іс-əрекетін жүзеге асырудың 
мүмкіндіктері мен нəтижелерін анықтау; 
– креативті – жүзеге асыруда жұмсалатын күш-қуатты анықтау 
(кəсібиліктің деңгейін, шеберліктің рефлексивті-инновациялық 
əлеуетін айқындау жəне шығармашылық үдерісінде алынған 
инновациялардың əлеуметтік мəнін бағалау). Рефлексивті аспект 
(өзіндік санамен, өзін-өзі анықтаудың ерекшеліктерімен жəне 
тұлғаның дамушы «мені» ретіндегі мотивациямен, еңбек іс-əрекеті 
барысында коммуникация серіктестерін түсінумен байланысты) 
адамды кəсібилендірудің жүйе құраушы факторы болып табылады. 
Акмеология мен оған салалас ғылымдардың зерттейтіні тұлғаға, 
оның дамуы мен қатынастарын үйлесімді етуге бағытталған. Аталған 
аспект акмеологиялық білімді тəжірибелік тұрғыда бағытты жəне 
сұранысқа ие болатынын көрсетеді. 
Акмеологияда синергетикалық тұғырды қолдану келесі 
сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді: өзін-өзі ұйымдастыру, 
өзін-өзі тəрбиелеу, адамның өзін-өзі маңызды ету қалай жүзеге 
асады? Адам өзін танытудың шыңдарына қалай қол жеткізеді? 
Бұл өз кезегінде өзін-өзі жетілдірудің дұрыс үлгісін жəне адамның 
өмірлік жолын құруға мүмкіндік береді. 
Барлық танымал адамдар белгілі сапалар жиынтығына ие болады: 
жалпы адамзаттық құндылықтардың жеке мəнділігі, өз ісін жақсы 
көру, креативтілік, дербестік, еңбекқорлық, табандылық, өзіне жəне 
өз мақсаттарына деген сенімділік, мінездің қаттылығы. Ең бастысы 
– өзіндік күш-қуатына деген сенімділік. Өзіне, өз мақсатына, өзіндік 
акмеге өте қатты сенім жəне соған жетуге табандылық білдірсе, 
бəріне қол жеткізуге болады. Адамның кəсіби өсуі, оның жетістікке 
жету мəселесі акмеология үшін басты мəселе болып саналады.
Оқытушының кəсіби дамуының өзгешелігі оның кəсіби дамуын 
қарастырады, «адамзаттық даралық» ұғымынан «кəсіби маман» 
ұғымын бөліп қарастырмауда, өз кезегінде адамның даралығын 
дамытудың барлық қырларында көрініс табады. Мұны оқытушының 
құзыреттілігін дамытудың мақсаттарын нақтылауда ескеру қажет. 
Оқытушының кəсіби жəне тұлғалық дамуының бірлігі, кəсіби 
дамудың мақсаты оқытушының даралығының біртұтас сапасы 
ретінде алынуында көрініс табады. Мұнда оқытушының дамуының 
білімгерлердің дамуымен ұқсастығы байқалады. Алайда, іс-əрекет-
тің жетекші типін алмастырумен негізделген айырмашылықтар да 
болады: бір жағдайда жетекші іс-əрекет ретінде кəсіби іс-əрекеті, 
ал келесі жағдайда – оқу іс-əрекеті алынады. Алайда, оқу іс-əрекеті 
кəсіби іс-əрекетке «ендіріледі», себебі оқусыз оқытушының басты 
жұмыс құралы ретіндегі құзыреттілігі мен даралығын тиімді дамыту 
мүмкін болмайды. Оқытушының кəсіби жəне оқу іс-əрекетінің 
бірлігі мына жағдайда айқындала түседі: оқу іс-əрекеті объективті 
түрде даралықты дамытуға бағытталуымен кез келген іс-əрекеттен 
айрықшаланатын болса, онда оның субъективті мақсаты дəл сондай 
болады деген анықтаманы ұстанған дұрыс. 
Акмеология гуманитарлы ғылымдардың басқа салаларындағы 
зерттеу нəтижелерін кіріктіріп жəне қайта мағыналап, «өзін-өзі 
дамыту», «өзін-өзі маңызды ету», «өзін-өзі жетілдіру», «өзін-өзі 
жүзеге асыру» ұғымдарының «акме» жəне «мəдениет» ұғымдарымен 
арақатынаста болатынын көрсетті. Акме бір мезгілде нəтиже жəне 
адамның өзін-өзі дамыту үдерісі ретінде, оның мəдениетінде көрініс 
табады. Өз кезегінде мəдениет өзін-өзі дамытудың біріктіруші 
көрсеткіші жəне осы үдерістің тиімділігін қамтамасыз ететін 
тұлғалық сапа ретінде болады. 
Дамушы акмеологиялық тəжірибе көрсеткендей, адамның өзін 
қайта құрушы іс-əрекетінің тиімділігі, психикалық өзін-өзі реттеуге 
немесе креативтілікке, рефлексивті немесе аутопсихологиялық 
құзыреттілікке қатысты, жеткілікті зерттелген психологиялық-
акмеологиялық феномендерге сүйенбейтін, белгілі тұлғалық сапалар 
мен құзыреттіліктер кешенінің болуымен немесе болмауымен 
негізделеді. 
Тұлғаның деңгейінде оның өзіндік дамуы əртүрлі деңгейдегі жаңа 
құрылымдарды қалыптастыру жəне дамыту есебінен жүзеге асады. 
Белгілі жаңа құрылымдарды қалыптастыру жəне оларды тұлғалық 
сапалар ретінде бекіту, дамудың бір əлеуметтік жағдайының 
бұзылуына əкеледі, тұлғаның жаңа психологиялық бет-бейнесіне 
адекватты басқа бет-бейнесінің пайда болуын негіздейді. Сонымен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет