Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің


 Акмеология ғылымындағы базалық ұғымдардың мəні



Pdf көрінісі
бет16/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   205
Акмеология

1.2 Акмеология ғылымындағы базалық ұғымдардың мəні
Тақырыптың негізгі ұғымдары: кəсібилік, кəсіби іс-əрекет, 
даралық, субъект, субъектілік, белсенділік, өзін-өзі дамыту, акме- 
азаматтық, тұлғаның кəсібилігі, кəсіпқой, тұлғалық-кəсіби дамыту. 
Акмеологиялық ұғымдық аппараттың өзгеше мазмұны бола-
ды жəне пəнаралық бағыттылықпен сипатталады. Кəсібилік ма-
мандардың еңбек іс-əрекетін жəне оның тиімділігін зерттейтін 
акмеологиялық зерттеулерде базалық ұғым ретінде алынады. 
«Кəсібилік» ұғымының алуан түрлі көптеген анықтамалары 
бар. Іс-əрекеттегі кəсібилік – іс-əрекет субъектісінің сапалық 
сипаттамасы – белгілі кəсіп өкілінің кəсіби міндеттерді шешудің 
құралдарын жəне қазіргі заманғы мазмұнын меңгеру шамасы ретінде 
анықталады. Бұл меңгерудің шамасы əртүрлі адамдарда алуан түрлі 
болады, сондықтан белгілі кəсіп өкілінің іс-əрекетіндегі кəсібиліктің 
жоғары, орташа жəне төменгі деңгейлері туралы айтуға болады. 
Келтірілген анықтаманың негізінде іс-əрекеттегі кəсібилік, ең 
алдымен оның жоғары өнімділігімен сипатталады деп тұжырым 
жасауға болады. 
Кəсіби жоғары өнімді іс-əрекет оның сапасының жоғары 
көрсеткіштерімен – тиімділігімен, оңтайлы қысымымен жəне 
қарқындылығымен, жоғары дəлдігімен жəне сенімділігімен, ұйым-
дастырушылығымен, тұрақтылығымен, негізделуімен, денсаулықты 
сақтауымен жəне ілгері дамуға ықпал етуімен айрықшаланады. 
Акмеологиялық тұрғыда іс-əрекет сапа мен өндірушіліктің 
жоғары көрсеткіштерімен айрықшаланбайтын болса, жағымды, 
əлеуметтік маңызды мақсаттарға жетуге ұмтылыс көрінбейтін болса, 
тұлғаның дамуына ықпал етпейтін болса, ондай іс-əрекет нəтижесіз 
жəне тиімсіз болады. 
Тиімсіз іс-əрекет – жағымды, əлеуметтік маңызды мақсаттарды 
көздемейтін, сапа мен өндірушіліктің төмен көрсеткіштерімен 
сипатталатын іс-əрекет. 
Акмеологиялық деңгей кəсібилікке жетудің деңгейімен сипат-
талады, кəсіби іс-əрекеттің ерекшеліктерімен анықталады. Нағыз 
кəсіби маманның жəне оның кəсібилігінің қалыптасуы əрдайым 
тұлғалық-кəсіби дамумен байланысты болады. 
Осылайша, акмеологияға қатысты іс-əрекеттегі кəсібилік 
жоғары тиімділікпен, оңтайлы үдемелікпен, жоғары дəлдікпен 
жəне сенімділікпен, жоғары ұйымдасуымен жəне біліктілікпен
маманның сыртқы факторларға тəуелділігінің төмен болуымен, 
кəсіби міндеттерді шешудің заманауи құралдарын меңгерумен, 
тиімділіктің, дəлдіктің, сенімділіктің жəне ұйымдасудың жоғары 
тұрақтылығымен сипатталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет