40
41
болмыстың шынайы болмауы индивид үшін өзекті деп санайды,
себебі ол тұлғалық болмыстың өзіндік құндылығын нарықтық
конъюнктураға тəуелсіз сезінуге қабілетті болады.
Тұлға өзін іс-əрекет арқылы танытады жəне қалыптасады,
алайда ол іс-əрекет субъектісімен толығымен, ажырамас бірлікте
үйлеспейді, ол іс-əрекетке тікелей əкелмейтін ерекше жəне іс-
əрекеттен тікелей алынбайтын білімді құрайды, оның мəнді сипатта-
масы ретінде, құбылысқа деген құнды-мағыналық қатынас алынады.
Тұлғаның басқа маңызды сипаттамасы ретінде шығармашылық
алынады, ол адамның басқалар үшін маңызды нəрсені құруында
байқалып қоймайды. Ол ең алдымен, өзі үшін маңызды нəрсені
құрады, өз тұлғасын өзгертеді.
«Индивид», «тұлға», «субъект» ұғымдары адамның тұтастық
ретінде ішкі ұйымдасуының алуан түрлі деңгейлерін сипаттай-
ды. Алайда, тұтастықты талдаудағы жүйелі тұғыр, осы тұтас
ұйымдастырудың деңгейлерін айқындауды, олардың əрқайсысының
ішкі мазмұнын анықтауды талап етеді, сонымен бірге осы дең-
гейлердің ішіндегі жүйе құраушы факторларды құруды талап етеді.
Тұтастық ретінде адамның ұйымдасуының əрбір деңгейі, өзара
əрекет ететін, дербес қызмет ететін көптеген психикалық жаңа
құрылымдармен сипатталады. Алуан түрлі, сапалы қасиеттер
мен сипаттамалардың үйлесімді өзара əрекеті жүйе құраушы
фак-торлардың есебінен қамтамасыз етіледі (П.К. Анохин жəне
Б.Ф.Ломов бойынша), немесе жүйелі қасиеттер есебінен қамтама-
сыз етіледі (В.П. Кузьмин бойынша). В.П. Кузьмин жүйелі сапа-
ның функциясын келесі үлгіде анықтайды: ол «жеке заттарда ма-
териалданбайды жəне тұтастың біріктіруші сапасын көрсетеді».
П.К. Анохин осы ұғымның мазмұнын нақтылай отырып, жүйе
құраушы фактордың мазмұны ретінде, жүйенің пайдалы жүйесі
екендігін атап өтеді, аталған жүйе оның қалыптасу барысына əрі
қарай қайта ұйымдастыруына шешуші əсер етеді. Өз кезегінде, Б.Ф.
Ломов ал-уан түрлі жүйелердің арасындағы өзара қатынастарды
айқындаудың маңызды шарты ретінде, жүйе құраушы факторды
анықтау алынатынын атап көрсетеді, соның нəтижесінде алуан
түрлі механизмдер біртұтас функционалдық-динамикалық жүйеге
біріктіріледі. Осылайша, «адам» жүйесінің қалай қызмет ететінін
түсіну үшін, индивид, тұлға жəне субъект деңгейіне əрекет ететін
жүйе құраушы факторлардың мазмұнын анықтау қажет, ең алды-
мен: жалпы жүйе құраушы фактор арқылы алуан түрлі жүйелер
(деңгейлер)
біртұтас
функционалдық-динамикалық
жүйеге
біріктіріледі. Адамның тұтастық ретінде осындай жүйе құраушы фак-
торы немесе «ұйымдастырушысы» ретінде, көптеген зерттеушілер
өзіндік «Менді» атайды.
Əдебиеттерді талдау көрсеткендей, философиялық жəне
психологиялық зерттеулерде өзіндік «Мен» келесі үлгіде қарас-
тырылады:
– адамның өзі туралы ұғымдар жүйесі;
– психиканың жүйелерін біріктіретін интеграциялық орталық;
– адамның өзін-өзі өзгертуіне, өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі
жүзеге асыруына бағытталған белсенділікті «ұйымдастырушы».
Өзіндік «Меннің» əлсіздігі, дамымай қалуы, адамның өзін-өзі
дамытуға қабілетсіздігін немесе одан бас тартуын негіздейді, өз
кезегінде бұл тұлғалық жəне кəсіби бұзылыстарға əкеледі немесе
К. Юнгтің терминологиясы бойынша, дəрежесі жоғары адамдардың
кеңейіп таралуына, нəтижесінде – тіршілік етудің шынайы болмауы-
на əкеледі.
Осылайша, адамның тұтастығының деңгейі индивид, тұлға
жəне субъектінің біріктіруші орталық, ішкі ұйымдасудың алуан
түрлі деңгейлері ретінде сапаларының интеграциялану дəрежесімен
анықталады.
Адамның тұтас болмысының ерекше түрі ретінде индиви-
дуалдылық немесе даралық алынады.
«Даралық» – тұлғаның өмірлік жолын сипаттайтын ұғым.
А.С. Огнев жəне Ю.Н. Гончаров адамның даралығы бірінші кезек-
те оның тұлға ретіндегі таңдауымен анықталатынын атап көрсетеді,
яғни адам əлеуметтік тіршілік иесі ретінде алуан түрлі жағдайларда,
тұлға ретінде өзіне ұсынған мүмкіндіктерді барынша қолданады.
О.Д. Ковшуро даралықтың болмысының аясы – бұл кеңістіктік
(сыртқы əлемде), əлеуметтік (адамдар, өзара қатынастар) жəне
уақыттық өлшемі бар тұлғаның ішкі əлемі деп атап көрсетеді.
Тұлғаның дамуы ішкі əлемнің уақыттық, кеңістіктік жəне əлеуметтік
өлшемдегі кеңеюін жəне бірігуін білдіреді.
Даралық – бұл адамдардағы биологиялық жəне əлеуметтіктің
арасындағы субъективті факторлардың көмегі арқылы қарама-
қайшылықты шешу, ішкі əлеуетті («жетілу») жəне сыртқы əсерлердің
ықпалы арқылы өзгерістер («қалыптасу») арасындағы кеңейту
|