Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет162/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   205
Акмеология

316
317
əрекетке қатысты талаптар оқыту технологиясын анықтайтын жүйе 
құраушы талаптар болып саналады. 
Кəсіби іс-əрекеттен оқытуға жəне оқытудан кəсіби іс-əрекетке өту 
жүйесі «кəсіби контекст» арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Аталған 
жағдайда «кəсіби контекст» деп іс-əрекеттің пəндік міндеттерінің
ұйымдастырушылық, технологиялық формалары мен əдістерінің, 
кəсіби еңбектің белгілі саласына тəн, əлеуметтік-психологиялық 
өзара əрекет жағдайларының жиынтығы түсіндіріледі. 
Осылайша, оқу үдерісіне қайта құрылуы мүмкін кəсіби кон-
текст, əлеуметтік əрекеттер мен қатынастар нормасы, сонымен бірге 
олардың құндылық бағдарларын, өзіндік кəсіби-еңбек үдерісінің 
технологиясын білдіретін пəндік құндылықтарды көрсететін 
əлеуметтік контекстен құралады. Тұлғалық компонент мамандардың 
моральды-этикалық, мінез-құлық нормаларын, өзара қатынастарын, 
əлеуметтік-психологиялық сапаларын аталған əлеуметтік жүйенің 
өкілдері ретінде сипаттайды. 
Контексті оқыту технологиясының негізгі қағидаларына сəйкес, 
оқытушы оқу үдерісінде кəсіби іс-əрекеттің пəндік жəне əлеуметтік 
мазмұнын дидактикалық, адекватты модельдеуге жетуі қажет. Осы 
үдерістің тиімділігі үшін бірқатар талаптарды орындау қажет: 
• маманның кəсіби іс-əрекетінің мазмұнды-контексті көрінісін 
студенттің оқу іс-əрекетінің формасында қамтамасыз ету;
• оқу іс-əрекетін ұйымдастырудың дидактикалық принциптері 
мен психологиялық талаптарын есепке алып, оқытудың алуан түрлі 
формаларын жəне əдістерін үйлестіру;
• жүйенің құрылуының модульдығын қолдану жəне оның білім-
герлердің контингентіне жəне оқытудың нақты жағдайларына 
бейімдеу;
• оқытудың формалары арасындағы байланыстардың алуан түр-
лі типтерін міндетті түрде жүзеге асыру (аталған талап оқытуды 
құрудың модульдығын жүзеге асыру механизмі ретінде болады);
• біртұтас оқу үдерісінің басынан соңына дейін оқытудың маз-
мұнының жəне контексті оқытудың соған сəйкес формаларының 
күрделілігін қамтамасыз ету. 
Осы талаптарды жүзеге асыру, біртұтас оқу үдерісін жобалауға 
мүмкіндік береді, онда оқу пəндерінің спецификасы, оқу үдерісінің 
əрбір қатысушысының – оқытушының, студенттердің ерекшеліктері 
мен мүмкіндіктері, сонымен бірге оқытудың материалды-техника-
лық жағдайы мен ұзақтығы сияқты факторлар есепке алынады. Бұдан 
басқа, аталған технологияны қолдану, контексті оқытудың ғылыми
негізделген формалары мен əдістерін іздеуді жүзеге асыруға, оның 
жүйесін құрастыруға, оқытудың мазмұнын жəне мақсаттарын 
түзетуге (біліктілік сипаттамасының талаптары) мүмкіндік береді. 
Осы принциптерді жүзеге асырудың нақты механизмдері кон-
тексті типтегі формалар мен əдістер арқылы ашылады. 
Қазіргі педагогикалық əдебиеттерде оқу үдерісін құрастыру, екі 
қырынан қарастырылады: «ақпарат арқылы оқыту жəне іс-əрекет 
арқылы оқыту». А.А. Вербицкий контексті оқытуға студенттердің іс-
əрекетінің алуан түрлерін интеграциялаудың тұжырымдамалы негізі 
ретінде анықтама берді (оқу, ғылыми, практикалық). Ғалым контексті 
оқытудағы студенттердің іс-əрекетін ұйымдастырудың формаларын 
анықтады: академиялық типтегі оқу іс-əрекеті – квазикəсіби іс-
əрекет – оқу-кəсіби іс-əрекет. Контексті оқытуда қабылдау, ес, зейін 
үдерістеріне, ең алдымен, шығармашылық, өнімді ойлауға, мінез-
құлыққа, қарым-қатынасқа сүйенетін, белсенді оқыту технология-
сы немесе оқытудың белсенді формалары мен əдістері ерекше рөл 
атқарады. 
Технологиялар белсенді деп аталады, себебі оларда білім 
берушінің (ақпарат берушінің рөлінің орнына менеджер рөлі) жəне 
білімгерлердің рөлі өзгереді (ақпарат – мақсат емес, ол кəсіби іс-
əрекет пен операциясын меңгеру құралы). 
Оқыту əдістері – бұл оқу-тəрбие мақсаттарына жетуге 
бағтытталған педагогтің жəне білімгерлердің өзара байланысқан іс-
əрекетінің тəсілдері. Оқыту теориясы (дидактика) оқыту əдістерінің 
үш тобын анықтайды: 
• оқу-танымдық іс-əрекетті ұйымдастыру;
• осы іс-əрекетті ынталандыру;
• оның тиімділігін бақылау. 
Білімгерлерді белсенділікке ынталандыратын негізгі факторларға 
жататындар: 
• танымдық жəне кəсіби қызығушылық;
• оқу-танымдық іс-əрекеттің шығармашылық сипаты;
• жарысушылық;
• сабақты жүргізудің ойындық сипаты;
• жоғарыда аталған факторлардың эмоционалды əсері. 
Танымдық қызығушылық білімгерлерді белсендірудің жетек-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет