Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет165/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   205
Акмеология

322
323
рін модельдеу, оқуға тұлғалық мəн береді, кəсіби білім берудің 
мазмұнын «меңгеруге» қызығушылықтарын туындатады. 
Кəсіби шындықты, оқу іс-əрекетінің ақпараттық, белгілік 
модельдері жəне формаларын меңгермей, оқудан еңбекке қалай өтуге 
болады? Бұл сұраққа жауапты контексті оқыту теориясы береді: оқу 
іс-əрекетін студенттің қажеттіліктері мен мотивтерін, мақсаттарын, 
əрекеттерін, құралдарын, нəтижесін бірте-бірте алмастырумен, 
кəсіби іс-əрекетке трансформациялаудың психологиялық, педа-
гогикалық жəне əдістемелік жағдайларын құру қажет. 
Ол үшін жоғары оқу орнындағы маманның жұмысын 
көшірмелеудің қажеті жоқ, мұнда студенттердің оқу іс-əрекетінің 
формасында мамандардың кəсіби іс-əрекетін пəндік-технологиялық 
(пəндік контекст) жəне əлеуметтік құраушы (əлеуметтік контекст) 
компоненттерін бірізді модельдеу жеткілікті болады. 
Дəстүрлі оқытудың мазмұны ғылыми пəндердің дидактикалық 
қайта құрылған (ықшамдалған) мазмұны болып табылады. Контексті 
оқытуда бұған басқа қайнар көзі қосылады – болашақ кəсіби іс-
əрекет. Ол маманның іс-əрекетінің моделі түрінде беріледі: оның 
кəсіби функцияларының, проблемалары мен міндеттері жүйесін 
сипаттау. 
Мұнда ақпаратты беру емес, оған сүйеніп, студенттердің осы 
функцияларды құзыреттілікпен орындауды дамыту, проблемалар 
мен міндеттерді шешуі, біртұтас кəсіби іс-əрекетті меңгеруі бас-
ты болып саналады. Қазіргі арқылы өткеннен болашаққа, оқудан 
еңбекке өтуде іс-əрекет ету, өзіндік құрылым мен өзіндік жүзеге 
асыру үшін жағдайлар құрылады. Студент не болғанын (теория мен 
тəжірибенің «қалыптасқан» үлгілері), не болатынын (оның орын-
дайтын танымдық іс-əрекеті), болашақта не болатынын (кəсіби іс-
əрекеттің модельденетін жағдаяттары) саналы ұғынады. Мұның бəрі 
студенттің танымдық іс-əрекетін мотивациялайды, оқу ақпараты 
жəне оқу үдерісінің өзі тұлғалық мəнге ие болады, ақпарат оның 
жеке біліміне айналады. 
Кəсіби іс-əрекеттің пəндік жəне əлеуметтік контекстерін қайта 
құру, білім беру үдерісіне бірқатар жаңа сəттерді «қосады»: 
• «өткен-қазіргі-болашақ» кеңістіктік-уақыттық контекст;
• білімнің жүйелілігі жəне пəнаралығы;
• статикада берілетін оқытудың мамзұнын динамикалық кеңей-
тудің мүмкіндіктері;
• өндірістің технологиясына сəйкес мамандардың іс-əрекетінің 
сценарийлі жоспары;
• қызметтік функциялар мен міндеттемелер;
• кəсіби əрекеттерге рөлдік «инструментовка» жасау;
• болашақ мамандардың қызметтік жəне тұлғалық қызығушы-
лықтары. 
Контексті оқытудағы оқу проблемалары, проблемалық жағ-
даяттар жəне тапсырмалар жүйесінің көмегі арқылы білім берудің 
статикалық мазмұнын динамикалық кеңейтілген мазмұнға ай-
налдырып, меңгерілетін кəсіби іс-əрекеттің сюжеттік канвасы 
құрылады. Контексті оқытудың мазмұнының негізгі бірлігі ретінде 
проблемалық жағдаят алынады. 
«Кəсіби-ұқсас» жағдаяттарды дара жəне бірлесіп талдауда, 
шешуде адамдардың құзыретті пəндік əрекеттері мен қатынастары 
нормасын меңгеріп, студент маман жəне қоғам мүшесі ретінде 
дамиды. 
Жоғарыда баяндалғандарға сүйеніп, контексті оқытудың негізгі 
принциптерін атауға болады: 
1) студентті оқу іс-əрекетке тұлғалық енгізуді психологиялық-
педагогикалық қамтамасыз ету принципі;
2) студенттердің оқу іс-əрекетінде мамандардың кəсіби іс-
əрекетінің біртұтас мазмұнын, формалары мен жағдайларын бірізді 
модельдеу;
3) оқыту мазмұнының проблемалығы жəне оның білім беру 
үдерісінде кеңейту үдерісі;
4) студенттердің оқу іс-əрекетін ұйымдастырудың формалары-
ның білім берудің мақсаттары мен мазмұнына адекваттылығы;
5) білім беру үдерісінің субъектілерінің (оқытушы мен студенттің 
арасында, студенттер арасында) диалогты қарым-қатынасы жəне 
тұлғааралық өзара əрекетінің, бірлескен іс-əрекетінің жетекші рөлі 
туралы;
6) жаңа жəне дəстүрлі педагогикалық технологиялардың педа-
гогикалық, негізделген үйлесімі;
7) ашықтық принципі – басқа теориялар мен тұғырлар аясында 
ұсынылған, кез келген педагогикалық технологияларды контексті 
типтегі білім беру үдерісінде, оқытудың жəне тəрбиенің нақты 
мақсаттарына жету үшін қолдану;
8) кəсіпқой тұлғасын оқыту мен тəрбиелеудің бірлігі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет